Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОҒАЛҒАН ЕКІ БАЛА ТАБЫЛДЫ

2024 жылғы 27 маусымда сағат 11:00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші бөліміне Созақ ауданы Таукент елді мекенінде 2008 жылы туылған екі баланың қой бағуға шығып қайта оралмағандары туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 11:00-тен бастап іздестіру жұмыстары басталды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы жедел құтқару жасағының 4 құтқарушысы, 1 техникасы және 1 кинологиялық есеп, Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкері мен 3 техникасы, оның ішінде тепловизоры бар 2 пилотсыз ұшу аппараты, Полиция департаментінің 33 қызметкері, 40 жергілікті тұрғын және еріктілер жұмылдырылды.

2024 жылғы 28 маусымында оқиға орнына ТЖМ «Қазавиақұтқару» Еврокоптер тікұшағы тартылды.

Құтқарушылар күшімен 28 маусым күні сағат 16:00 де жоғалған жасөспірімдер «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағынан табылды. Медициналық көмек қажет етпеді жасөпірімдерді Таукент ауылының маңындағы штабқа тікұшақпен жеткізу жүзеге асырылуда.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close