Қоғам

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЛАРДЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір сатысы мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік биліктің), құқық жүйесінің, басқару әдістерінің, т.б. қалыптасуының негізін құрайды. Сөйтіп, объективті заңдылықтар біздің алға қоятын мақсаттарымызды да, соңдай-ақ осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қоғамдық қатынастарға ықпал ететін қолда бар мүмкіндіктерді де, олардың ішінде тәсілдер мен құралдарды, яғни әдістерді айқындайды.

Мемлекеттің ісін басқару, атқарушы билікті іске асыру, тәртіп пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету адамдардың сана-сезімі мен мінез- құлқына мақсаткерлік ықпал жасаудың әсерлі тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңде мұндай әдістер ретінде мемлекеттік басқарудың екі әмбебап әдісі — сендіру мен мөжбүрлеу танылады.

Қазіргі кездегі қоғамның сендіру мен мәжбүрлеу проблемасы — бұл экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани және құқықтық процестерді әлеуметтік (мемлекеттік жөне мемлекеттік емес) басқару әдістерінің проблемасы, бұл адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарын реттеу әдістерінің проблемасы.

Сендіру мен мәжбүрлеу мемлекеттік басқарудың әдістері ретінде — әлеуметтік құбылыстар, өйткені олар өзінің көрінісін нақты қоғамдық қатынастар қатысушыларының арасындағы байланыстардың сипатынан табады. Бұл әдістер, мемлекеттің (басқару органының, лауазымды адамның) адамдардың сана-сезімі мен мінез-құлқына ұйымдастырушылық ықпал жасау тәсілдерінің жүйесі бола отырып, түгелдей қоғамның, кез-келген мемлекеттік бірлестіктің, Кез-келген басқару процесінің қалыпты қызмет атқаруының қажетті шарты болып табылады.

  1. Қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешілердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту  және  (немесе)  бағып-күту  жөніндегі  міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;

Қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;

Панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;

Тұрмысы қолайсыз отбасы – кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы;

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері:

  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
  • кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту;
  • кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мәнез-құлқын қалыптастыру;
  • кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс- әрекеттер жасауға тарту фактілерін анықтап, жолын кесу;
  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін үйлестіру болып табылады.

1.    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ІІО-ның құзыреті.

ІІО өз құзыреті шегінде:

  • Кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есебін жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді;
  • кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс- әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы іс- әрекеттер жасайтын  адамдарды,  сондай-ақ  кәмелетке  толмағандарды

тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтарды, тәрбиешілерді, оқу, тәрбие және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады;

  • кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;
  • арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
  • қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылауды қамтамасыз етуде әділет органдарының қылмыстық-ақтару инспекцияларына жәрдемдеседі;
  • Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару инспекцияларымен бірлесе отырып, балаларың тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына кері әсер ететін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының тәртібімен жазасын өтеу кейінге қалдырылған сотталған әйелдерге қатысты материалдар дайындайды;
  • кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат іс-әрекеттері, оған итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
  • кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
  • он сегіз жасқа толмаған және құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмаған адамдарды, егер оларды дереу оқшаулау қажет болса, сондай-ақ арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілетіндерді заңда белгіленген тәртіппен Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстайды;
  • ішкі істер органдары қызметі барысында үш жастан он сегіз жасқа дейінгі, сондай-ақ ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізеді.

Профилактикалық ықпал жасауға жататын адамдар санаты және олардың қысқаша мінездемесі

ҚР Заңына сәйкес алдын алу бақылауы келесі адамдардың санатына жүзеге асырылады:

  • қадағалаусыз және панасыз қалғандарға;
  • арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында ұсталатындарға. Арнаулы білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – АБҰ) 11 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жіберіледі.

Арнаулы білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

АБҰ-ға жіберуге негіздемелер:

  • әкімшілік ықпал жасауға апарып соқтыратын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтындар;
  • бастапқы, негізгі   орта   және   жалпы   орта   білім   алудан   қасақана жалтаратындар;
  • отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалуды жүйелі түрде жасайтындар;
  • өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасайтындар.

АБҰ-ға жіберу туралы шешімді кім қабылдайды? Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша сот қабылдайды. Спирт ішімдіктерін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде міндетті түрде оларға нашақорлық аурулардан емделу курсынан өтуді белгілеудің орындылығы зерделенеді.

МЕРЗІМ: Кәмелетке толмаған бала арнаулы білім беру ұйымына бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарына келуінің сот белгілеген мерзімін ҰЗАРТУ, арнаулы білім ұйымдарының орналасқан жері бойынша, сотпен тек қана келесі жағдайларда:

  • кәмелетке толмаған баланың жалпы білімін немесе кәсіби даярлығын аяқтау қажет болған, бірақ ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін;
  • әкімшілік жазалау шараларына әкеліп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасаған, орта білім алудан қасақана жалтарған, арнаулы білім беру ұйымынан өз еркімен кетіп қалған, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

Қатаңдатылған жағдайға АУДАРУ. Арнаулы білім беру ұйымының тәрбиеленушісі қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа дейін қылмыс белгілері бар қоғамдық қауіпті әрекет жасаған жағдайда, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілуі мүмкін.

Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті болады. Кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды қамтамасыз етеді.

Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына жіберу тәртібі ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексімен анықталады.

  • бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына және ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру
  1. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтінішті баланың тұрғылықты (болатын) жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қорғаншылық және қамқоршылық органы не ішкі істер органы береді.
  2. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы өтініште мән-жайлар баяндалуға және арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін заңмен көзделген негіздердің бар екендігі туралы және кәмелетке толмаған баланың оны көрсетілген білім беру ұйымдарында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар ұсынылуға тиіс.
    • бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті қарау
  3. Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.
  4. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.
  5. Өтініш беруші кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.
    • бап. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтініш бойынша сот шешімі
  6. Судья кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы өтінішті мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша өтініш қабылданбайды не қанағаттандырылады.
  7. Өтінішті қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына не ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін негіз болып табылады.
  8. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына келу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары

Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына ерекше жағдайда тәрбиелеуді, оқытуды қажет ететін және арнайы педагогикалық қатынасты талап ететін кәмелетке толмағандар жатқызылады, егер олар:

  • оларға жастары толмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін, қылмыстық жауаптылық басталатын, жаңадан қоғамдық қауіпті әрекет жасаса;
  • орташа немесе ауыр ауырлықтағы қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар және «Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату» туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 83 бабында көзделген қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату тәртібінде сотпен босатылғандар. НЕГІЗДЕМЕЛЕР:

1) кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл ретте оған осы Кодекстің 84-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін: а) ескерту; б) ата- аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру; в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу; г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу; д) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру; е) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу.

Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның не ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды. Кәмелетке толмағанды жіберу туралы ұсыныс ішкі істер органдарымен көрсетілген кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қозғауды тоқтату туралы немесе оны қозғаудан бас тарту туралы қаулы шыққан күннен бастап, отыз күн ішінде сотқа жіберіледі. Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органдарының немесе прокурордың қаулылары негізінде отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында ұстауға негіз: соттың қаулысы немесе үкімі.

Кәмелетке толмағандарды арнаулы мекемелер мен ұйымдардан шығару (босату) негіздері:

  • сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
  • кәмелеттік жасқа толуына байланысты мерзімінен бұрын;
  • мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмағанға осы шараны одан әрі қолданудың қажеті жоқ деген қорытындыға келсе;
  • кәмелетке толмаған ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымына жіберілгенде;
  • Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.

Кәмелетке толмағандар ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:

  • сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
  • кәмелетке толуына байланысты мерзімінен бұрын;
  • мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмаған осы шараны өзін түзеуге одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе;
  • осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.

Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орта- лықтарынан мынадай жағдайда:

  • ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері анықталғанда;
  • арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарына орналастырылғанда;
  • балалар үйіне (интернатқа) орналастырылғанда;
  • сот үкімі заңды күшіне енгенде;
  • осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда босатылады.
  • спирт ішімдіктерін, есірткі құралдарын, психотроптық және адамның психикасына және дене мүшесінің функциялары мен мінез-құлқына теріс әсерін тигізетін өзге де күшті әсер ететін заттарды құмарлықпен пайдаланатындар;

Нарколог дәрігердің есебінде тұрғандар немесе бір жыл ішінде 2 және одан көп рет антиалкогольдік заңнамаларды бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылғандар.

  • дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына бармайтындар;
  • әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған және әкімшілік жауаптылықтан босағандар немесе тәрбиелік әсер етумен әкімшілік жаза тағайындауды орындауды бұзғандар;

Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары

  1. Кәмелетке толмағанға мынадай тәрбиелік ықпал ету шаралары тағайындалуы мүмкін:
  • заңды түсіндіру;
    • ата-аналарының немесе оларды ауыстыратын немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
    • келтірілген зиянды түзеу үшін міндеттер жүктеу;
    • бос уақытты шектеу және кәмелетке толмағанның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
  • қылмыстық жауапкершіліктен немесе ақталмайтын негiздер, оның iшiнде рақымшылық немесе кешiрiм жасау актілерi бойынша жазадан босатылғандар;
  • қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық белгiлерi бар әрекет жасағандар;
  • қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған қылмыс жасады деп айыпталған немесе күдiктi болғандар;
  • жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылғандар;

Бақылау «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 340 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкі істер органдары:

  • таңдалған тұрғылықты жеріне келген күні жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарға бақылау ісін ашады және профилактикалық есепке қояды;
  • тұрғылықты жері бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады;
  • сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, құқық бұзушылықтар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен даярланатын немесе жасалған қылмыстар туралы ақпараттарды дер кезінде алу үшін жедел іздестіру және өзге де мүмкіндіктерді қолданады;
  • шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам туралы ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің органдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды
  • жазасын өтеу кейiнге қалдырылғандар немесе үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырылғандар;
  • қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылғандар;
  • ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған және сот тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босатқан;
  • шартты түрде, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, бас бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау шараларына сотталған кәмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi.
  • егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары, басқа да заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамаса, олардың мiнез-құлқына терiс әсер етсе, оларға қатысты, сондай- ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әре- кеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты да жеке профилактикасы шаралары жүргiзiледi.

2.  Кәмелетке толмағандар арасындағы УПИ қызметіндегі сервистік модельді еңгізуді ұйымдастыру.

Кәмелетке толмағандар істері бойынша учаскелік полиция инспекторының жеке профилактикалық жұмысы

р/н

саты

сы

Іске асыру нысандары
1 Аны қтау -көші-қон полициясының, кезекші бөлімдердің, қылмыстық іздестірудің, ҚАЖ комитетінің, соттың, медициналық бөлімдердің, арнайы мекемелер мен соттардың ақпараттарын зерделеу;

-әкімшілік учаскеде тұратын барлық азаматтарға қатысты әкімшілік, азаматтық және қылмыстық іс жүргізудің нәтижесі туралы ақпарат алу;

-есепке қою.

2 Бақы лау -алдын алу шарасы жүргізілетін адамға есепке қоюға келудің тәртібін жүйелі түрде түсіндіру;

-есепке қойылғанның жұмыс орны мен тұрғылықты орнына бару;

-профилактикалық әңгімелесу жүргізу үшін УПП мен ІІО-ға

 

    шақыру;

-алдын алу шарасы жүргізілетін адамның туыстарына, көршілеріне, жұмысы бойынша әріптестеріне және байланыстарына сауал өткізу;

-есепке қойылғанның мінез-құлқын бақылау үшін заңға мойынұсынатын азаматтарды тарту;

-ІІО-ның өзге қызметтеріне түсетін ақпараттарды байқау;

-ҚР құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу.

3 Про фила ктик алық ықпа л жаса уды жүзе ге асыр у -сендірудің дәстүрлі шараларын қолдану(профилактикалық әңгімелесу, тұрмыстық және еңбекке орналасуына көмектесу, есепке қойылғанның бос уақытын ұйымдастыру, әртүрлі үйірмелерге, спорттық секцияларға қатысуына көмектесу және т.б.);

-ресми ескертуді жүзеге асыру;

-әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жаза салу;

-әкімшілік қадағалауға алу;

-мәжбүрлеп емдеуге жіберу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

-еңбекке    жарамдылығынан   айыру   бойынша   іс-шараларды жүзеге асыру;

-жұртшылықтың қарауына материалдарды жіберу;

-мемлекеттік басқару органдарына қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар туралы ақпарат жіберу;

-қылмыстық жауаптылыққа тарту.

Мемлекет, атқарушы билік органдары өздерінің қызметінде негізгі әдіс ретінде азаматтарды иландыруды ҚР-ның Конституциясын, заңдарын және өзге де құқықтық актілерін саналы түрде және өз еріктерімен сақтауларының қажеттілігі үшін пайдаланады. Сонымен бірге әзірге құқық бұзушылықтар болатын, азаматтарға, қоғам мен мемлекетке әр түрлі қауіптер пайда болатын жағдайда мемлекетгік басқару органдары, олардың лауазымды адамдары және өзге де өкілетті мемлекеттік қызметшілер белгіленген тәртіпті бұзатын адамдарды құқықтық нормаларды сақтауға ықтиярсыз көндіруге мәжбүр.

Адамдардың сана-сезіміне иландыру арқылы ықпал еткен кезде оларда құқықтық мінез-құлықтың қажет екендігіне ішкі рухани ынталылық пайда болады. Ал еріксіз көндіру азаматты өзінің мінез-құлқын қоғам үшін үнамды болатын жағына өзгертуге мәжбүрлейді, өйткені ол құқыққа қарсы қылық жасаған  түлғалардың  кейбір  құқықтары  мен  мүдделерін  шектеумен байланысты, сондай-ак басқа азаматтардың да құқық бұзушылықтарына алдын-ала ескерту жасауды қамтамасыз етеді.

Сонымен, мәжбүрлеудің мазмүны ретінде шаралар жүйесін түсіну керек, оларда әкімшілік құқықтың субъектілерінің кажетті немесе мүмкін болатын мінез-құлқын қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік басқарушылық ықпал жасау нақтыланады.

Мәжбүрлеу қоғам дамуының объективтік қажеттіліктерімен бай- ланысты, мемлекеттік биліктің қасиеті болып табылады, өйткені ол — әрбір әлеуметтік ұйымның қажетті элементі және «әрбір биліктің қасиеті».

Мемлекеттік мәжбүрлеу ықпал етудің тікелей объектісіне байланысты күш-қолданатын немесе психикалық мәжбүрлеуге бөлінеді. Оның мақсаты — құқықтың нақты субъектілерін белгілі бір нұсқамаларды сақтауға немесе қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға көндіру. Мәжбүрлеу субъектілердің бағыныстық жағдайын қалыптастырудың әдісі болып табылады және биліктік әмір ету немесе тікелей ықпал ету болып саналады. Мәжбүрлеу әдісін пайдаланған кезде қажетті нәтижеге қол жеткізу субъектінің еркіне, оның ішкі, ал кейде сырттай қарсыластығына қарамастан жүзеге асырылады.

Мәжбүрлеудің міндеті әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушыларды тәрбиелеу, жаңа құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Бұл жағдайларда жазалаудың болмай қалмайтындығы ерекше маңызға ие болады. Бірақ мәжбүрлеудің құқық бұзушыға тән азабын тарттыру немесе оның адамгершілік кадір-қасиетін қорлау мақсаты болмайды. Сонымен бірге оның жазалайтын және қорқытатын элементтері болады, олар, бірақ, бағынышты сипатта болады және қүқық бүзушылықтардың алдын алуға, олар-ды жасаған адамдарды тәрбиелеуге және түзетуге бағытталады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close