Қоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ “ТҰРАН” ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН АРАЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің жұмыс күні “Тұран” тұрғын үй кешенін аралап, кемшіліктердің қалпына келтірілуін тексерумен басталды.

Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында анықталған олқылықтар, аумағын күл қоқыстарды тазарту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков баяндады.

Құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Нақбаев мердігерлермен жүргізілген жұмыс жөнінде есеп берді. Қазіргі таңда мұнда аяқжолдардың бүлінген бөліктері қайта төселіп, кей үйлердің қасбеттерінің кемшіліктері кезеңімен атқарылуда.

Сонымен қатар, аралау барысында қоқыс алаңдарын болдырмау үшін қабылданған шаралар мен орындалуын бақылау нәтижелері  тексерілді.

Есім хан көшесінің бойындағы жанама жолдың жағдайы да назардан тыс қалмады.  Техникалар асфальт төсеуге жол негізін әзірлеп таптау жұмысын бастаған.

Нұрбол Әбдісаттарұлы аралау нәтижесімен барлық жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close