Қоғам
ТҮРКІСТАНДА МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА «ҮЗДІК ЖҰМЫСШЫ МАМАН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне және Халықаралық музейлер күніне орай «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалы «Ұлы Дала Елі» орталығымен бірлесе «Кәсіподақ және жұмысшы мамандық» жобасы аясында музей саласы бойынша «Үздік жұмысшы маман» облыстық байқауын ұйымдастырды.

Аталған байқау музейге келушілерге заманауи қызмет көрсету шараларын жақсарту мен музей саласы мамандарының жұмыстарына қолдау көрсету, олардың іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында өткізіледі.
Байқауға өңіріміздегі музейлерден 12 музей қараушы маман қатысты.
Байқауды Түркістан облыстық филиалының төрағасы Асылхан Темірхан ашып беріп байқаудың мақсатын түсіндірді.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Ұлы Дала Елі» орталығының арнайы жүлдесімен Нұржан Куленов Арыс қаласының музейі, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесімен Каусар Жуматаева Ордабасы аудандық тарихи-өлкетану музейі марапатталды. ІІІ орын екі үміткерге берілді Айнұр Садуова Қазығұрт аудандық музейі, Роза Тажикова Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі, Отырар ауданы, ІІ орын Эльвира Асқарова «Әзірет Сұлтан» Ұлттық мәдени- қорық музейі, І орын Алуа Сағат Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі, Ордабасы ауданы, Бас жүлде «Ұлы Дала Елі» орталығының маманы Күлзия Құлмаханбетоваға берілді. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Музей тазалығы мен экспонаттардың қауіпсіздігіне жауап беретін зал қараушы мамандардың жұмыстарына береке мен еңбектеріне табыс тілейміз!