Қоғам

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ҚАРИЯЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы дария аталарымыз бен апаларымыздың мерекесі құтты болсын!

Мерекеге орай бүгін біз қаламызда белсенді өмір сүру орталығын ашып, пайдалануға бердік. Ардагерлеріміздің денсаулығын жақсартып, ұзақ өмір сүруіне қолдау көрсететуді, жан-жақты ізденуіне және құқықтық сауаттылығын жетілдіруді мақсат тұтқан бұл мекен қарттарымыздың көңілінен шығады деп сенемін. Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, еліміздің бірлікте, ынтымақпен өмір кешуіне қадірлі қарияларымыздың қосқан үлесі зор. Бүгінгі мереке — өмірін тынымсыз еңбекпен өріп, егеменді еліміздің аяққа нық тұруына себепші болған алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі деп білемін. Қадірменді қариялар! Сіздердің жүрген жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа теңдессіз үлгі-өнеге. Сіздер – елдің асыл қазынасысыздар. «Халықтан — қайырымдылықты, Қариядан пайымдылықты үйрен» дейді дана халқымыз. Кейінгі ұрпақтың ақылшысы, Сіздерге амандық тілеймін!  Денсаулықтарыңыз қуатты, шаңырақтарыңыз шуақты болсын!

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close