Без рубрики

МЕКТЕПТЕРДЕ СМАРТФОН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде смартфон қолдану тәртібіне қатысты жаңа қағидалар әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа ережелер оқушылардың жас ерекшелігі мен білім алу қажеттілігіне қарай сараланып енгізіледі. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушыларына смартфон пайдалануға рұқсат беру ұсынылып отыр. Өйткені олар оқу процесінде түрлі онлайн-платформаларды пайдаланып, ҰБТ және SAT секілді халықаралық емтихандарға дайындалады.

Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін талап қатаңырақ болуы мүмкін. Жаңа тәртіпке сәйкес, бастауыш және орта буын оқушылары сабақ басталар алдында ұялы телефондарын арнайы орынға тапсыратын болады.

Министрлік өкілдері бұл бастама білім беру процесіндегі тәртіпті күшейтуге, оқушылардың сабаққа назарын арттыруға және цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға бағытталғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта жаңа қағидалар пысықталып жатыр. Түпкілікті шешім ресми ережелер бекітілгеннен кейін қабылданады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close