Қоғам

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРНАЙЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының өрт сөндірушілері жыл басынан бері дабыл бойынша 15 мыңға жуық нысанға барған.

Құтқарушылар жалпы құны 1 млрд 974 млн 900 мың теңгені құрайтын материалдық мүліктердің бүлінуінің алдын алған. Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің бастығы Думан Қыдырмоллаев мәлімдеді.

«Түркістан облысында жыл басынан бастап дабыл өрт сөндіру бөлімшелеріне 14 963 рет дабыл түскен. Соңғы жылда қызыл жалын кезінде өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары 24 адамды құтқарып, 130 адамды эвакуациялаған. Аймақта өрт салдарынан 8 адам жарақат алып, 5 адам қайтыс болды. Облыста орын алған төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды жүзеге асыратын жалпы саны 42 өрт сөндіру бөлімдері бар. Одан бөлек, жыл басынан бері 2 өрт сөндіру бөлімшесі қолданысқа берілді. Жалпы өңірдегі өрт сөндіру бөлімшелерінде 1 388 қызметкер бар. Сонымен қатар, 203 бірлік техника жұмыс істейді»-деді сала басшысы.

Сондай-ақ брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Төреқұлов азаматтық қорағау органдарына жұмысқа тұру үшін атқарылатын міндеттер туралы баяндады.

«М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу үшін орта білімі бар 16 жасқа толған денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтар қабылданады. Академияға қабылдау медициналық және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, Ұлттық бірыңғай тесттің нәтижелері бойынша іріктеу арқылы жүргізіледі. Академиядағы оқу техникалық мамандық болғандықтан Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде бейінді пәннен математика және физика пәндерін таңдау қажет. Оқуға қабылданғаннан кейін курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тамақтану және мемлекеттік шәкіртақымен қамтылады. Академияда күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған азаматтардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеліп, лейтенант атағын алып шығады. Құтқарушылар күніне орай Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы №508 бұйрығымен облыстағы 24 қызметкер түрлі дәрежедегі төсбелгі және алғыс грамоталарымен марапатталды»-деді спикер.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close