Қоғам

УЛЫ ӨСІМДІКТЕРМЕН ЖӘНЕ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРМЕН УЛАНҒАН КЕЗДЕГІ КӨМЕК

Дүмбіл – метил спирті құрамында ацетон, сіркеусі-метил эфирі, аллил спиті және басқа да заттар бар. Тазартылған метил спиртінің иісі мен түрі этил спиртенен еш айырмашылығы жоқ. Құмырысқа қышқылы мен формалин алуға арналған химиялық синтезде, политура мен лак еріткіштері және т.б. қолданылады.

Психотропты (есірткі), нейротоксинді (көз тамырларының дистро- фиясы), нефротоксинді әсер етеді. Өлім дозасы 100мл (этанолды ал- дын ала қабылдамай). Қандағы токсиндер концентрациясы 200мг/л., өлімге әкелетін доза – 800мг/л. Асқазан мен ішектерде тез сіңіріледі. Формальдегид пен құмырысқа қышқылы – токсинді метобилиттерді құрай отырып тез тотығады. Бір бөлігі өзгертілмеген қалыпта 48 сағат- та (75% дейін) өкпеден шығарылады, қалған бөлігі несеппен шығады. Метанолдың тотығу жылдамдығы мен сыртқа шығуы этанолмен салы- стырғанда 5-7 есе аз.

Клиникалық картинасы. Масаңдық әлсіз көрініс алады, бірақ жүрек айнуы мен құсу, көз алдында «шыбындардың» көрінуі байқалады. Екінші-үшінші тәуліктерде көру бұлыңғырланып, соқырлық туын- дайды. Ерекшеліктері аяқ ауырсынуы, бас ауруы, шөлдеудің ұлғаюы. Тері мен шырышты қабық көк түске енеді, тіл сұр түспен қабыршықтанады, көз қарашығы үлкейеді, жарыққа әсер етуі төмендейді. Тахикардия байқалады, кейіннен жүрек қарқыны ақырындайды және бұзылады. Артерияльді қысым басында көтерілгенімен артынан түседі. Сана шатасуы, психомоторлы қозу, сіңір тартылуы, кома, аяқ- қол бұлшықеттерінің гипертонусы, желке бұлшықетінің ебедейсіздігі, токсинді шок, тыныстау параличі.

Жедел көмек. Асқазан жуылып тазаланады, тұзді іш өткізгіш құрал беріледі. Қанды сілтілеу арқылы форсирленген диурез, ертегемодиализ жасалады.

Белсенді детоксикация әдістері. Ішке 30% – 100мл этил спирті, кейіннен 2 сағ. 50мл 4 – 5 рет; в коматозды жағдайда көктамырға тамшылап 5% ерітінді түріндегі этил спирті тәулігіне 1г/кг есебімен беріледі.

Симптоматикалық терапия. Көктамырға 25 – 30мг преднизолон, Вх дәрумені – 5мл 5% ертіндісі және көктамырға 20мл 5% аскорбин қышқылы ерітіндісі, 300мл 5%глюкоза ерітіндісі және 30мл 2% новокаин ерітіндісі көктамырға тамшымен, АТФ – 2 – 3мл 1% ерітіндісі қайталап бұлшықетке беріледі. Ми ісінуі барысында токсинді шокты емдеу үшін люмбальді пункция жасалады.

Этил спирті (этанол, шарап спирті, алкогольді ішімдіктер

Этанол халық шуаруашылығының түрлі салаларында, медицинада өтең кең таралған. Организмге әсер етуі бойнша майлы қатардағы есірткілерге жатады. Этанол әсерінің нәтижесінде бас миының қабатында алкогольді қозу сипатындағы масаңдық туындайды. Көп мөлшерде есірткі әсерін туғызады.

Психотропты (есірткілік) әсер береді. Өлім дозасы – 300мл (95%) шамасында, алкогольге еті үйренгендер үшін – біршама жоғары. Ба- лалар үшін спирттің өлім дозасы 6 – 30мл 96%. Қандағы токсинді концентарциясы 1,5г/л, өлім қаупі 3,5г/л. Асқазанға жылдам (40-90 мин.) сіңеді (20%), ашішекте (80%). Ацетальдегид, сіркесу қышқылы құрылуы арқылы тотығады. Өкпе және несеп арқылы 7-12 сағ. ішінде шығарылады.

Клиникалық картинасы. Токсинді дозаны ішке қабылдау барысында жалпыға белгілі масаңдық нышандарынан кейін кома дамиды. Сонымен қатар, терінің салқын және жабысқақ болуы, беттіңгиперми- ясы, дене температурасының төмендеуі, құсу, еріктен тыс несеп пен нәжістің бөлінуі байқалады. Көз қарашығы тарылып, тыныс алу бұзылуының күшеюіне байланыстыгоризонтальді нистагм анықталады. Тыныс алу ақырындайды, пульс сиреп, нашарлайды. Кей уақытта сіңір тартылуы, құсық массаларының аспирациясы, ларингоспазм орын ала- ды. Механикалық тұншығу нәтижесінде тыныс алу тоқтауы, кейіннен жүрек-тамыр қызметі түсуі мүмкін. Жедел көмек. Зонд арқылы асқазан жуылып тазаланады, тұзды іш өткізгіштер беріледі, форсирленен диурез тудырылады.

Симптоматикалық терапия. Тілді ұстау құралын қолдана оты- рып өңеш жолындағы өңезді сорықтыра отырып ауыз қуысын шаю. Бұзылған тыныстауды қалпына келтіреді: тері астына немесе көктамырға 1мл 0,1% атропин, кордиамин – 2мл беріледі. Жұту рефлексі болмаған жағдайда жасанды аппараттық тыныстау және интубация жүргізіледі. Көктамырға 15 ЕД инсулині бар 40мл 40%глюкоза ерітіндісі, бұлшықет- ке В6 дәрумені – 2мл 5% ерітіндісі, Вх дәрумені – 5мл 5% ерітіндісі беріледі. Қанның сілтіленуі жасалады: көктамырға тамшымен 1000мл 2% дейін – натрийгидрокарбонаты ерітіндісі, тері астына 1мл 3% нико- тин қышқылы ертіндісі енгізіледі.

Алкогольдің суррогаттары

Гидролизді және сульфитті спирттер – гидролиз жолымен ағаштан алынатын этилдің түрлері; этил спиртіне қарағанда аса токсинді;

денатураттар – метил спирті мен басқа да заттардың қоспасынан тұратын техникалық спирт, этил спиртіне қарағанда аса токсинді;

одеколондар мен лосьондар – кең тараған косметикалық құралдар, 60% этил спиртінен, метил спирті мен эфир майларынан және т.б. тұра- ды;

БФ желім – оның негізін этил спиртінде ерітілген фенолформальде- гидті шайыр мен поливинилацетель құрайды;

политура – құрамында көп мөлшерде ацетон, бутил және амил спирті бар этил спирті; политуралардың кейбір түрлерінің құрамында анилин бояғыштар бар.

Гидролизді және сульфитті спиртті, денатураттарды, одеко¬лондар мен лосьондарды ішке қабылдау барысында жедел көмек көрсету және симптоматикалық терапия этил спиртімен уланған жағдайдағыдай көр- сетіледі; БФ желімі мен политураны ішке қабылдау барысында – аце- тонмен улану жағдайындағыдай көмек көрсетіледі (бұдан әрі қараңыз).

Ацетон (диметилкетон, пропанол)

Ацетон – түссіз, ұшатын, жалындап жанатын сұйықтық. Тазартылмаған ацетон құрамында органикалық қышқылдардың, альдегидтер мен басқа заттардың қосындылары бар. Еріткіш ретінде кеңінен пай- даланылады. Психотропты (есірткелік), нефротоксинді, желгілікті тітіркендіргіш әрекет етеді. Өлтіретін дозасы 100мл. астам. Қандағы токсинді концентрациясы 200 – 300мг/л, өлімге әкелетіні – 550мг/л. Шырышты қабықта тез тұтылады, өкпе арқылы және несеп арқылы шығарылады. Клиникалық картинасы. Ішке түсу барысында және парларды жұту кезінде мастану, бас айналуы, әлсіздік, тәлтіректеп жүру, жүрек айнуы, құсу, іш ауруы, коллапс, коматозды жағдай көрініс табады.

Диурездің төмендеуі, несепте ақуыздар мен эритроциттердің пайда болуы мүмкін. Коматозды жағдайдан шыққаннан кейін пневмония да- миды.

Жедел көмек. Ішке қабылдау барысында асқазанды жуып тазалау, ингаляциялық улану кезінде – көзді сумен жуу, кислород ингаляциясы жасалады. Қанды сілтілеу арқылы форсирленген диурез өткізеді (ішке натрийгидрокарбонатын 10 – 15г қабылдау).

Симптоматикалық терапия. Жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігін (токсинді шок), пневмонияны емдеу жүзеге асырылады. Іш ауруы кезінде тері астына – 2мл 2% папаверин ерітіндісі, 1мл 0,2% платифиллин ерітіндісі, 1мл 0,1% атропин ерітіндісі енгізіледі.

Бензин

Бензин психотропты (есірткілік),гепатотоксинді, нефротоксин- ді, пневмотоксинді әрекет етеді. Әсіресе құрамында тетраэтилқорғасын бар этилді бензин аса қауіпті. Өкпе мен ішек-қарын жолында тез сіңіріледі. Өкпе арқылы шығарылады.

Клиникалық картинасы. Парлармен тыныстаудан кейін – бас ай- налуы, бас ауруы, масаң болуы сезімі, қозу, жүрек ауруы, құсу байқала- ды. Ауыр жағдайларда тыныстаудың бұзылуы, естен тану, сіңір тарту, ауыздан бензин иісі шығуы орын алады. Жұтыну кезінде – іш ауруы, құсу, бауырдың үлкеюі мен ауруы, сарыауру, токсиндігепатопатия, невропатия.

Аспирация кезінде – кеуде ауруы, қанды қақырық, цианоз, демікпе, қалтырау, күрт әлсіздік (бензиннен болған токсинді пневмония). Балалардың улануы аса ауыр өтеді. Созылмалы ингаляциялық ин- токсикациялар болуы мүмкін.

Жедел көмек. Зардап шеккен адамды бензин парлары толы жайдан шығарады. Бензин ішке түскен жағдайда 200мл вазелин майын немесе белсендірілген көмірді қолдана отырып зонд арқылы асқазанды жуады. Парларды жұту немесе аспирация барысында – кислород ингаляциясы, антибиотиктер (бұлшықетке 10млн ЕД пе-нициллин және 1г стрептоми- цин), банкілер, қыша қағазы қойылады. Тері астына 2мл 20% камфора ерітіндісі, корди¬амин 2мл, кофеин 2мл 10% ерітінділері. Көктамырға 30 – 50мл 40% коргликонглюкоза ерітіндісі (1мл 0,06% ерітінді) немесе строфантином (0,5мл 0,05% ерітінді); ауырсыну жағдайында тері асты- на – 1мл 1% промедол ерітіндісі, 1мл 0,1% атропин ерітіндісі. Коматоз- ды жағдай тыныстау бұзулы кезінде интубация мен қолдан демалдыру жасалады және кислород беріледі.

Көгерткіш қышқыл және басқа да цианидтер

Металдары бар көгерткіш қышқыл тұздар – цианидтерді құрайды. Көгерткіш қышқыл мен цианидтер халықшаруашылығының көптеген салаларында пайдаланылады. Цианидтер аса токсинділік қасиетіне ие. Олар ішке түсу немесе ин- галяциялық әсер ету барысында улану туғызады. Интоксикация белгілерінің жедел дамуы тән.

Балалардың улануы кейбір жемістердің түйіршіктеерін көп мөлшерді пайдалану нәтижесінен болуы мүмкін. Тұқымдарда цианогендігликозиды кездеседі, олар асқазанға түсу барысында цианидтерді босатып шығарады. Бұндай сүйекшелердің 5-25 данасы цианид дозасын құрауы мүмкін, бұл кішкентай бала үшін өлім қауіпті.

Амигдалиннің өлім дозасы ащы миндальда (1г) 40г немесе тазар- тылған абрикос сүйекшелерінде 100г құрайды.

Негізінен көгерткіш қышқылдар мен цианидтердің токсинді әрекет етуінің механизмі негізінде олардың цитохромоксидті тежеу қабілеті жатыр, нәтижесінде тін жасушаларының кислородты пайдалануы бұ- зылады, тінгипоксиясы дамиды. Көгерткіш қышқылдың өлім дозасы — 50 – 100мг, натрий цианиді – 150мг, калий цианиді – 200мг; қандағы өлі қаупіне әкелетін концентрациясы – 5мг/л.

Клиникалық картинасы. Бұған тән қатты бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауруы, жалпы әлсіздіктің өсуі, айқындалған демікпе, сіңір тартылуы, жүрек соғуы, психимоторлы қозу, естен тану. Тері жабыны ашық түсті – алқызыл, шырышты қабықты цианидті болуы. Ішке өлім дозалары түскен кезде клоникотондық тартылуылар, өткір цианоз, өткір жүрек-тамыр жетіспеушілігі, тыныстың тоқтауы көрініс табады. Бірнеше минут ішінде (кенеттен немесе «апоплексикалық», улану түрі) өлім жағдайы орын алуы мүмкін.

Жедел көмек. Амилнитрит ингаляциясы (2 – 3 ампула), 0,1% калий перманганатымен немесе 0,5% натрий тиосульфат ерітіндісін қоса отырып зонд арқылы асқазанды жуып тазалау жасалып, белсендірілген көмір беріледі.

Белсенді детоксикация әдістері. Әр 10 мин сайын 2-3 реттен көктамырға ақырындап натрий нитратының 10мл 1% ерітіндісі, натрий ти- осульфаты 50мл 30% ерітіндісі және метилен көгі – 50мл 1% ерітіндісі беріледі.

Симптоматикалық терапия. Көктамырға қайталап 20 – 40мл 40%глюкоза ерітіндісі беріледі. Оксигенді терапия жүргізіледі. Тәулі- гіне көктамырға B12 дәрумені 1000 мкг және көкамырға 20мл 5% аскорбин қышқылы ерітіндісі, жүрек-тамыр құралдары енгізіледі. Ре- анимациялық іс шаралар жасалады.

Тетраэтилқорғасын

Тетраэтилқорғасын (ТЭҚ) – түссіз майлы жеңіл ұшатын сұйықтық, ароматикалық иісі бар. ТЭҚ парлары ауадан 11,2 есе ауыр. Суда ерімей- ді, бірақ органикалық еріткіштер мен жануарлар майларында жақсы ериді.

Тетраэтилқорғасын антидетонатор ретінде этил сұйықтықтарының құрамына кіреді, ол бензинді этилдеу үшін қолданылады; қауіпті жүй- ке – тамыр уы болып табылады. Ол организмге өкпе, тері жабыны және асқазан арқылы кіріп, жүйке жасушаларын зақымдайды, сонымен қатар аталған у тамыр ауруларын тудырады.

0,0001мг/л шасындағы ТЭҚ концентрациясы көп уақыт әсер етуі барысында улану туғызады. Энтеральді түсу кезіндегі өлім дозасы — 1,5мг/кг.

Тетраэтилқорғасынға айқын кумулятивті әрекет ету тән – бас миы мен жұлынды, бауыр мен бұйректің аздаған бөлігін депондау. Токсин- ді триэтилқорғаныс құрылуымен таратылады. Бүйрекке көп таралады. Латентті кезеңі – бірнеше сағат.

Клиникалық картинасы. Тәбет жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, бас айналуы, ұйқының бұзылуы, қорқынышты түстер көру, гал- люцинациялар, брадикардия,гипотония, тершеңдік, сілекей бөлінуі, қышу, қалтырау, қозу тән. Ауыр жағдайларда – жедел психоз көрінісі орын алады. Токсинді нефропатия дамуы мүмкін. Әсіресе балалар сезімтал келеді, олардың интоксикациясының жасырын кезеңі күрт қысқарады.

Жедел көмек. Қолды керосинмен, кейіннен сабынмен және сумен жуу. Асқазанға түсу кезінде 2% натрийгидрокарбонаты ерітіндісімен немесе 0,5% магний сульфаты ерітіндісімен жуып тазалау, кейіннен тұзды іш өткізгіш құрал ретінде магний сульфаты беріледі. Форсирленген диурез жасалады.

Симптоматикалық терапия. Көктамырға 30 – 50мл 40%глюкоза ерітіндісі, натрий тиосульфаты 20мл 30% ерітіндісі, кальций хлориді 10мл 10% ерітіндісі; қозу орын алса – бұлшықетке диазе¬пам 4мл 0,5% ерітіндісі беріледі. Морфин, хлоралгидрат, бромидтерді беруге тиым салынған.

Этиленгликоль (антифриз, тормозная жидкость этиленгликоль құрамдас тормоз сұйықтығы)

Этиленгликоль – сиропқа ұқсас сұйықтық, дәмі тәтті, қайнау температурасы 198°С. Негізінен оны антифриз ретінде 35 – 40% су ерітіндісімен (қатпайтын қоспа) пайдаланады.

Организмге түсу барысында психотропты (есірткілік), нефротоксинді,гепатотоксинді, әрекет етеді. Өлім дозасы шамамен алғанда 100мл (алдын ала этонол қабылдамай). Қандағы токсинді концентрациясы 1,5г/л, өлім концентрациясы – 2,4г/л. Ішек-қарын жолдарында тез сіңіріледі, көп бөлігі токсинді метаболиттер: глиоксоль, гликоль және қымыздық қышқылын құра өтіріп бауырда метоболизмге, зат алмасуына ұшырайды. Несеп арқылы шығарылады.

Клиникалық картинасы. Антифриз ішке қабылданған уақыттан бастап жақсы көңіл-күймен жеңіл алкогольді улану сезімі туындай- ды. 5-8 сағат өткеннен кейін іштің ауруы, қатты шөлдеу, бас ауруы, құсу, іш өтуі пайда болады. Тері құрғақ. Шырышты қабық цианит түстес. Психомоторлы қозу, көз қарашғының ұлғаюы, дене темпера- турасының көтерілуі, демікпе, тахикардия анықталады.

Қатты улану жағдайларында – естен тану, желке бұлшықеттерінің ебедейсіздігі, клоникотоникалық тартылулар орын алады. Тыныстау терең және шулы. Жедел жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, ану- рия, токсиндігепатопатия, жедел бауыр-бүйрек жетіспеушілігі.

Жедел көмек. Зонд арқылы асқазан жуылып тазаланады, тұзды іш өткізу құралы беріледі. Қанды сілтілеу арқылы форсирленген ди- урез жасалады, улану немесегемосорбциядан кейін алғашқы тәулік- терде ертегемодиализ қойылады.

Белсенді детоксикация әдістері. Алғашқы тәуліктерде көктамырға 10% кальцийглюконаты ерітіндісі, 10-20мл кальций хлориді ерітіндісі немесе 10 – 20мл кальцийглюконаты; ішке қайталап 30мл 30% по 30мл этил спирті немесе 5% ерітіндісі, көктамырға 100 – 200мл (1 – 2г 95% денегінң 1 кг массасына этил спирті).

Симптоматикалық терапия. Жедел бауыр-бүйрек жетіспеушілігін емдеу жүзеге асырылады. Қозу барысында магний сульфатының 10мл 25% еірітіндісі бұлшықетке қайталап беріледі, глюкоза-новокаин қоспасы көктамырғаберіледі, жүрек-тамыр құралдарымен жұлын пункциясы жасалады.

Улы саңырауқұлақтармен улану

Барлық ғасырларда Русьта «тыныш аң аулауда» — адамдар саңырауқұлақ жинауға ерекше жылулықпен қараған. Саңырауқұлақ жинаудан басқа балалармен бірге орманда қыдыру, организмды сауықтырған. Жиналған саңырауқұлақтарды пісіруге, қуыруға, кептіруге, тұздағу, маринадтауға болатын еді. Нәрлі құндылықта- ры бойынша саңырауқұлақтан жасалған тағамдар ет тағамдарына жақын (халық саңырауқұлақтарды екінші ет деп атаған), ал дәмдерінің әр түрлі болуына байланысты еттен де асып түсетін. Тұрғындарды дәстүрлі азық-түлікпен қамту барысында төтенше жағдай туындаса жабайы өсетін жеуге жарамды өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың маңыздылығы біршама арта түседі. Жинау қарқындылығы ұлғаюына байланысты өсімдіктер дүниесінің улы түрлерімен улану қаупі өсе түседі.

Саңырауқұлақ жинау барысында аса мұқият болып, улы саңырауқұлақтардың ерекше белгілері жоқ екенін ескеру қажет. Улы саңырауқұлақтардың күміс қасық пен сарымсақтың қараюын тудырады, иісі мен дәмі жағымсыз болады, оларды құрт жемейді деген түсініктер шындыққа жанаспайды. Сондықтан да, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың сыртқы белгілерін білу арқылы ғана уланудың алдын алуға болады.

Біздің елімізде 80 аса улы саңырауқұлақ түрлері бар, олардың ішінде аса улы қасиеттерімен шамамен алғанда саңырауқұлақтың 20 түрі ерекшеленеді.

Барлық улы саңырауқұлақтарды, олардың токсиндеріның әрекет етуіне байланысты үш топқа бөлуге болады:

  • жоғары токсинді саңырауқұлақтар (сұр арамқұл, сасық му- хомор немесе арамқұл іспеттес, плюшті паутинник, строчикий

– көктемгі және асқан үлкен) олардың улары ішкі органдарды зақымдайды;

  • нейротропты және психотропты әркет ететін улы саңыра- уқұлақтар (мухоморлар, волоконницалар, лепиоттар,говорушки- лер);
  • өткіргастроэнтерит туғыза отырып ішек-қарын жолдарын зақымдайтын улары бар саңырауқұлақтар; саны бойынша бұл кеңа- уқымды улы саңырауқұлақтар тобы (опята саңырауқұлақтарының барлық түрлері, пуатинниктердің кейбір түрлері, өтірік түлкішек, сүттектесіндер мен т.б.).
Боз арамқұлақ

Боз арамқұлақ (түрлері: ақ боз арамқұлақ, жасыл боз арамқұлақ, сары боз арамқұлақ) – өлтіретін улы саңырауқұлақ, қателесіп тамаққа пайдалану жіті улану туындатады, кей кездері өлім жағдайы орын ала- ды. Білмеусіздік пен немқұрайлылық бойынша боз арамқұлақты шам- пиньондармен немесе ақ түсті сазқатпамен (сыроежка) шатастырады.

Ақ түсті боз арамқұлақ шілдеден бастап қазанға дейін құмды то- пырақты жапырақты және қылқанжапырақты ормандарда кездеседі. Басқа боз арамқұлақ түрлері ақтан басының түсімен ғана ажыратылады.

Жасыл түсті боз арамқұлақ шілдеден бастап қазанға дейін құмды топырақты жапарақты ормандарда өседі. Ресейдің солтүстік және орталық бөліктерінде сирек, оңтүстікте Тула облысының оңтүстігінен бастап жиі кездеседі.

Сары түсті боз арамқұлақтарды жасыл саңырауқұлақтар, сазқат- па немесе шампиньондар ретінде қате қабылдауға байланысты улану жағдайлары орын алады. Жасыл түсті шампиньон сары түсті боз арамқұлаққа ұқсас, бірақ оның уы төмендеу. Бұл саңырауқұлақ түрі Ресейдің европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде, Орталық Азияда кездеседі. Жапырақты ормандарда, саябақтар мен шалғынды жерлерде, ағаш отырғызылған белдеулерде, қалыпты жағдайларда жекелей немесе шағын топ болып, маусым мен қазан аралығында өседі.

Клиникалық картинасы. Боз арамқұлақпен улану – барлық саңырауқұлақтармен улану арасындағы аса улысы. Боз арамқұлақ құра- мында жоғары токсинді фаллион алкалоидтері, аманитин бар. Бұл уларгепато-, нефро-, энтеротоксинді әсер етеді. 100г балғын саңырауқұлақта (5г құрғақ) 10мг фаллоидин, 13,5г аманитин бар.

Аманититтің өлім дозасы – 0,1мг/кг. Қандайда бір аспаздық өңде- улер бұл саңырауқұлақтарды зарарсыздандырмайды. Токсиндер қайнату, суға салып қою және кептіру арқылы бұзылмайды. Токсиндері ішек-қарын жолдарына тез сіңіріліп, бауырда депондалады. Инкубация кезеңінің ұзақ болуына байланысты диагноз қою мүмкіндігі қиындай түседі. Айқындалған интоксикация сипмтомдарының дамуына дейін өліп кету мүмкіндігі кезеңі 6 сағаттан 24 сағатқа дейін, кей уақытта 48 сағатқа дейін. Осы уақытта улар сіріңіріліп қана қоймай, организмде қайтарылмас өзгерушіліктер орнатуы мүмкін.

Боз арамқұлақпен уланудың клиникалық картинасы екі сатыда өтеді. Жасырын кезеңнен кейін жеделгастроэнтэрит нышандары туындайды: іштің ауруы, үздіксіз құсу және профузді іш өту «күріш суы».

Организмнің сусыздануы нәтижесінде шөліркеу, әлсіздік, сананың бұлыңғырлануы, пульстің жиіленуі мен әлсізденуі; көздің орнынан шығуы, дауыстың жоғалуы, көру қызметінің нашарлауы бақалады, тері мен шырышты қабық құрғап, ерін мен тырнақ көгереді.

Артериалді қысым төмендеп, коллапс орын алуы мүмкін тұз теңгерімінің бұзылуы балтыр мен бет бұлшықеттерінің тартылуына әке- леді. 1-2 сағаттан кейін іш өту мен құсу басылады, іштің ауруы кетеді. Жақсару сияқты жағдайдан 3-4 күннен кейін уланудың екінші сатысы басталады. Токсиндігепатит нышаны (сарыауру, бауырдың ұлға- юы және ауырсынуы, несептің қошқылдануы, нәжістің түссіз болуы) және токсинді нефрит (диурез бен анурия, несептегі ақауыз төмендеуі) пайда болады. Бауыр-бүйрек жетіспеушілігі команың дамуына әкеледі. Әсіресе балаларда ауыр өтеді. Диагноз қою барысында анамез, сонымен қатаргастроэнтерит пен токсиндігепатит үйлесуімен екі фазалы клиникалық өту назарға алынады.

Симптоматикалық терапия. Уланудың алғашқы сатысы басты кезекте сусыздану мен коллапсты жоюға бағытталады. Көктамырға тамшымен құрамында электролиттері (полиглюкин және т.б.) бар плазмалмастырғыштар және 3 – 5 л кем емес мөлшердеглюкоза беріледі. Артериалды қысымды көтеру үшін мезатон (0,5 – 1,0мл 1% ерітіндісі көктамырға), норадреналин (1 – 2мл 0,2% ерітіндісі, 500мл 5%глюкоза ерітіндісі көктамырға, тамшылап, АҚ бақылау арқылы) беріледі.

Бұл адреномиметиктерді плазмалмастырғыш ерітінділерге (1 ампу- ладан 0,5 – 1 л ерітіндіге) қосуға болады.Жүрек жеткіліксіздігінде көктамырға 0,25 – 0,5мл ампулалы строфантин мен коргликон белгіленеді. Іш өткізгіш құралдарын беруге болмайды, асқазанды жуу тиімді емес, әсіресе ұзақ мерзімді өліммен аяқталуы мүмкін жағдайларда одан алшақ болу керек.

Уланудың екінші сатысын емдеу бауыр және бүйрек жетіспеушілігімен күреске бағытталған. Гидрокортизон (аптасына 0,5г дейін), дәрумені барглюкоза, қалыпты дозаларда холин, маннитол, фуросемид қабылдау, көктамырға аптасына 20 – 30мг/кг жөке қышқылы; қажетінше детоксикационды гемосорбция және гемодиализ («жасанды бүй- рек») жасалады.

Болжам нашар, зардап шегушілердің 60 – 80% қайтыс болады. Алғашқы күндері, сусыздану уақытында өткір жүрек жетіспеушілігі- нен немесе бүйрек комасы ауруының екінші кезеңінде өлім туу мүмкін.

Кәдімгі строчок, кәдімгі тыржыңқұлақ (сморчок)

Кәдімгі строчок – дұрыс емес шар түрлі саңырауқұлақ, қошқыл немесе ақшыл сұр түсті, іші қуыс. Қалпақшасының үсті тегіс емес, көгілдір қатпарлы ирек, бас миының ирелеңдерін еске салады. Құм топырақты қылқанжапырақты және аралас ормандарда, ормандағы ескі өрт болған жерлерде, кесілген ағаш діңдерінде ерте көктеммен мамыр айын қоса алған уақытта өседі.

Балғын строчкалар (көктемде және аса үлкен) боз арамқұлақ интоксикациясының клиникалық картинасына жақын ауыр улану туғызады. Оның құрамындағыгиромитрин жәнегельвельді қышқыл кептіру ба- рысында зарарсызданады (бірақ термикалық өңдеу барысында емес). Айта кететін жайт, құрғақ строчкилер улы емес және ерекше дәм сапасына ие. Кептірілгеннен кейін үш апта ішінде зиянсыз болады. Ерте көктем кезінде ғана строчкилермен улану байқалады. Бұл ормандағы алғашқы көктемгі саңырауқұлақтар қар ерігеннен кейін пайда болады.

Кәдімгі тыржыңқұлақ көктем мезгілінде қылқанжапырақты ормандарда, ормандағы ескі өрт болған жерлерде, кесілген ағаш діңдерін- де, орман шетінде өседі. Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақ, құрамында гельвели қышқылы – улы заты бар. Сыртқы нышандары бойынша строчекке ұқсас: қалпақшасы жұмыртқа тәріздес, қара күрең немесе ашық күрең, ал ортасы қуыс, қалпақшасының төменгі шеттері түбіртегіне тұтасып кеткен.

Үсті тегіс емес, сеткалы ұяшықты, қабырғалары қысқа сыртқа шығып тұрған, кей жағдайларда ұяшықтары бұдыр-бұдыр ара ұяшықтарын еске салады.

Тыржыңқұлақ – жеуге жарамды, дәмді саңырауқұлақ, бірақ ал- дын ала 10-15 минут пісіру қажет. Қайнау барысында у бұзылмайды, бірақ суға (саңырауқұлақ пісірген су) ауысады. Қайнатпа суды бірден төгу қажет, себебі қайнау бырысында оғангельвель қышқылы ауысады. Пісірілген саңырауқұлақтарды сумен жуып, сорықтыру қажет, со- дан кейін ғана әрі қарай дайындауға болады. Бірақ зарарсыздырылған саңырауқұлақтарды көп мөлшерде жеу ұсынылмайды (күніне 200г.). Ауада кептірілгеннен кейін тыржыңқұлақ зиянсыз, үш аптадан кейін оны тамаққа пайдалануға болады.

Зарарсыздандырудың бұл әдістері строчек пен тыржыңқұлақтар үшін ғана жарамды. Бұл әдістер басқа улы саңырауқұлақтарға әсер етпейді.

Өкінішке орай, көп адамдар строчектер мен тыржыңқұлақтарды дұрыс дайындамағандықтан ауыр улану, кей жағдайларда өлім қауіпі бар екенін біле бермейді. Оның құрамындағыгельвель қышқылы гемотоксинді (гемолитті) әрекет етеді. Нашар дайындалған саңырауқұлақтарды немесе сорпаны тамаққа пайдалану нәтижесінле улану дамиды.

Клиникалық картинасы. 6-10 сағатан кейін уланудың алғашқы белгілері байқалады . Уланған адам асқазан ауырсынуын, жүрек ай- нуын сезінеді, кейіннен ол тоқтамайтын, әлсіздік туғызатын құсуға ауысады. Біруақытта қатты бас ауруы пайда болады. Сирек жағдайларда іш өтуі орын алады. Кей кездері улану көрінісі осымен шектеліп, адам сауығып кетеді.

Ауыр улану жағдайларында келесі күнігемоглобинурия (несеп түсінің қызыл болуы),гемолитті сары ауру, бауыр мен бүйрек зақымдануы дамиды; аса ауыр жағдайларда өлім орын алады. Балалар уға аса сезімтал.

Симптоматикалық терапия. Строчектермен және тыржыңқұлақтармен улануды емдеу боз арамқұлақты емдеуге ұқсас. Жедел көмек Ұзақ асқыну кезінде жедел көмек көрсету (асқазанды жуып тазалау) тиімсіз.

Шыбынжұттар

Шыбынжұт сасық, арамқұлаққа ұқсас; қызыл шыбынжұт, пантерлі шыбынжұт, порфирді шыбынжұт, лимоды-сары шыбынжұт – өзіндік белгілері бар улану тудыратын улы саңырауқұлақтар.

Улылық деңгейі бойынша барлық шыбынжұт топтарының ішінен екі түрі аса ерекшеленеді: сасық шыбынжұт пен лимонды-сары шыбынжұт.

Сасық шыбынжұт (арамқұлаққа ұқсас) – барлық шыбынжұттардың ішіндегі ең улысы. Аса улы саңырауқұлақ сыртқы белгілері және токсинділігі бойынша ақ түсті боз арамқұлаққа ұқсас. Ресейдің тайга- лық аймағында кездеседі. Қылқанжапырақты және аралас ормандарда, жеке және шағын топтармен, шілде айы мен қазан айының аралығында өседі. Өзінің аталуына қарсы, бұл шыбынжұттың жұмсағы ақ түсті, қандайда бір дәмі мен исі жоқ, немесе шикі картоп иісі шығады.

Көктемгі шыбынжұт – өте жақын түр – өлімге әкелетін улы саңырауқұлақ, оңтүстік аумақтардың жалпақжапырақты ормандардардында мамыр-шілде (қыркүйекке дейін) жиі кездеседі.

Лимонды-сары шыбынжұт – әлсіз улы саңырауқұлақ. Қалпақшасы ақшыл сары, жасыл түстілері де жиі кездеседі. Ресейдің барлық аймағында орманды жерлерде, маусым-қазан айларында жапырақты және қылқанжапырақты ағаштар орманында жекелей өседі.

Шыбынжұттың қалған үш түрі шамамен алғанда бірдей токсинді, бірақ улану белігілерімен өзгешеленеді.

Қызыл түсті шыбынжұт – өте әдемі, жалпыға танылған саңырауқұлақ. Ресейдің барлық аймақтарындағы ормандарда өте жиі, солтүстік аумақтарда аса көп ауқымда кездеседі. Қылқанжапырақты, жалпақжапырақты және аралас ормандарда маусым – қараша айларында топтасып өседі. Қараусыз қалған кішкентай балалар үшін ғана қауіп туғызады. Кейбір шетелдерде немқұрайлылыққа байланысты өзіне ұқсас, бұрынғы Закавказье аймағында ғана кездесетін, жеуге жарамды кесарский саңырауқұлақтарымен бірге жиналады.

Пантерлі шыбынжұт қарағайлы, жапырақты және аралас ормандарда, шілдеден бастап қазанға дейін өседі.

Порфирлі шыбынжұт аталған мерзімде қылқанжапырақты ормандарда өседі. Шыбынжұттың бұл түрімен улану шампиньондармен бірге немқұрайлы жинау барысында орын алады, бірақ бұл екі түрде шампиньондардан қатты ерекшеленеді.

Клиникалық картинасы. Шыбынжұтпен улану — жүйке жүйесінің орталық және перефериялық қызметінің бұзылуын тудырады. Олардың құрамында мускарин (холиномиметик), мусцимол және мускаридин (атропиннің әрекет етуіне ұқсас антихолинэргетиктер). Мускаридин, немесе микоатропин, өсімдіктерден алынатын атропин құрамымен бір- дей. Сонымен қатар бұл саңырауқұлақтардың құрамында буфотенин- галлюциногені бар. Әр жағдайда уланудың клиникалық өтуі қандайда бір алкалоидтің басым бойымен айқындалады. Бұл топтын алкалоидтары шыбынжұттың көптеген түрлерінде (қызыл, пантерлі, порфирлі, арамқұлаққа ұқсастар), бірқатар волоконницаларда, лепиоттар менговорушкаларда кездеседі.

Нейротропты алкалоидтармен уланудың белгілері саңырақұлақтар- ды тамаққа пайдаланғаннан кейін 20-30 мин ішінде өте тез байқалады. Кейбір шыбынжұттардың латентті кезеңі бір сағаттан алты сағатқа дейін созылады. Улану картинасы нақты саңырауқұлақ түріндегі қандайда бір удың басым болуына байланысты әр түрлі болады.

Келесі синдромдарды көрсетуге болады:

мускаринді – қызыл шыбынжұтқа тән: жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, ішек түйілуі, миоз, қатты тершеңдік және сілекей бөлінуі, брадикар- дия, коллапс; уақыты өткізіп алынса – механикалық тұншығу көрінісі бар бронхоспазм мен бронхорея және жалған өкпе ісінуі;

мускаридті (микоатропинді) – пантерлі шыбынжұтқа тән: тахикардия, сананың тұнжырауы,галлю¬циноз, сандырақ, көз қарашығының ұлғаюы;

бутофенинді – порфирлі және арамқұлаққа ұқсас шыбынжұттарға тән: психомоторлы қозу,галлю¬циноз, эйфория; маниакальды жағдай, уақыт пен кеңістікті қабылдау бұзылуы; вегетативті бұзушылықтар (сілекей бөлінуі, құсу, артериальдігипертензия, веге¬тативті рефлек- стердің өсуі және т.т.).

Симптоматикалық терапия. Бұл түрмен улануды емдеу калий перманга¬натмен (1:5000), 0,5% танин ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің сулы жүзгіндерімен (бір стақан жылы суға 1 – 2 ас қасық) немесе магний оксидімен (20 – 30г) асқазанды жуып тазаладан баста- лады.

Іш өткізу үшін зонд арқылы 200мл вазелин майы енгізіледі. Ол болмаған жадайда тұзды іш өткізгіш құрал (100мл суға 20–40г на- трий сульфаты) белгіленеді. Сусыздану көрінісі орын алып улану ауыр өтетін жағдайларда көктамырға тамшымен тәулігіне 3 л. дейін плазмоалмастырғыштар (натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі, полиглюкин) енгізіледі.

Бұдан әрі емдеу белгілердің басымдылыған байланысты жүргізіледі. Егер көз қарашығының тарылуы, пульстің нашарлауы, артериальді қысымның түсуі, қатты тершеңдік пен сілекей бөлінуі (мускаринді синдром) байқалса 30-40 мин. аралығында нәтиже болғанға дейін (қалыпты жағдайда 3-4 рет) тері астына 1мл 0,1% атропин ерітіндісі инъекциясын жасау ұсынылады.

АҚ қалыпты жағдайындагаллюцинация және сандырақтау, көз қарашығының ұлғаюы және тахикардия белгілері бар өткір психомоторлы қозу көрінісі орын алса тері астына 5мл 0,5% прозерин ерітіндісін енгізу ұсынылады. Атропин қарама-қайшы келеді. Психомотролы қозудың барлық жағдайларында,галлюцинация көрінісі орын алса бұлшықетке 2 – 5мл 2,5% аминазин ерітіндісі енгізіледі. Дене температурасы жоғары болған кезде зардап шегушіні ылғалды шүберекке орап, басына суық басады.

Жедел гастроэнтерит синдромын туғызатын саңырауқұлақтар

Улы саңырауқұлақтардың көптеген топтарымен жағдайлары жиі кездеседі, олардың негізгі көріністер жеделгастроэнтерит синдромы түрінде байқалады. Оларды кірпішқызыл және күкіртті-сары жалған түбіртектер, сары түсті шампиньондар, кейбір паутинник түрлері, дұрыс пісірілмеген күзгі түбіртектер, пісірілмеген және суға салып қойылмаған сүттектестер,груздилер мен волнушкалар туғызады. Бұл саңырауқұлақтар ішек-қарын жолдарының шырышты қабығын өршелендіреді.

Клиникалық картинсы. Улану белгілері саңырауқұлақтарды тамаққа пайдаланғаннан кейін 1-2 сағат ішінде білінеді және құсуға апаратын жүрек айнуы, іш өтуі, асқазан мен ішектік ауырсынуынан байқалады. Қатты улану кезінде организмнің тез сусыздануы қатты шөлдеу, сіңір тартылуын, қан айналымының бұзылуын, жүрек қызметінің әлсізденуін туындатады. Сау адамдардың осыған ұқасас уланулары жақсы аяқталады. 1-3 күн аралығында толық сауығады. Егер зардап шегуші бауыр, бүйрек, сүрек ауруларымен ауырса әлсіз қарт адамдар мен балалар арасында өлім жағдайы байқалады.

Симптоматикалық терапия. Бұл түрден улануды емдеу және жедел көмек көрсету токсиндармен улану нәтижесіндегігастроэнтериттер барысында қолданылатын жалпы әдістеме бойынша симптоматикалық құралдары арқылы жүзеге асырылады: асқазанды жуу, іш өткізетін құралдарды, адсорбенттер мен плазмалық сұйықтықтар белгіленеді.

Саңырауқұлақтардың токсинділігі мәселелерін қарай отырып, тамаққа жағымсыз жерлерден жиналған жеуге жарамсыз және улы саңырауқұлақтарды пайдалану барысында улану мүмкін екенін ескерту қажет.

Саңырауқұлақтардың адам денсаулығына қауіпті мөлшерде ауыр металдардың тұздарын және басқа да зиянды заттарды жинау қабілеті белгілі. Және де, қоршаған ортаны ластау көздері болып табылатын ірі автомобиль жолдары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының жанынан саңырауқұлақтар (жидектер мен емдік өсімдіктер) жинауға болмайды. Ақауыздың бұзылу процесі бсталған пісіп кеткен, ескі саңырауқұлақтарда улану туғызады.

Улы өсімдіктермен улану Аконит

Аконит (бәрпі, көгілдір лютик, ыстықкөл тамыры) Ресейдің батыс аймағы мен шетелдік Европада, Сібірдің оңтүстік аудандарында және Қиыр Шығыста кеңінен таралған. Өсімдіктің барлық бөлігі әсіресе та- мыртүйнегі аса улы.

Халықтық медицинада аконит тамыртүйнегі тұнба ретінде (1: 400), буынның шығун, подагралар мен арттириттерді, радикулиттер мен невралгияны емдеуде сыртқа пайдаланылады. Әрекет ету бастамасы – алкалоид аконитин. Нейротоксинді (курареұқсас,ганглиотежеуіш), кардиоток¬синді әрекет. Өлім дозасы – 1г өсімдіктің, 5мл тұнба, аконитин алкалоидының 2мл.

Клиникалық картинсы. Улану симптомдары әр – түрлі: жүрек айнуы, құсу, тілдің, ерін мен беттің, аяқ-қол бармақтары мен башпай- ларының жанысздануы, бой түршігуі сезімі, кейіннен көздің көру қабілетінің бұзылуына (заттарды жасыл түсте көру), ауыз құрғауы, шөлдеу, бас ауруы, мазасыздану, бет бұлшықетінің, қол-аяқ сіңірлерінің тартылуы, естен тану. Тыныстау жиілейді, үстірткі, тыныс алу және шығару қиындай түседі, кенеттен тыныс алу тоқтауы мүмкін. Артериалді қысым төмендейді (әсіресе диастологиялық). Бастапқы кезеңде брадиаритмия, экстрасистолия байқалады, кейіннен – асқазан фибрил- ляциясына ауысатан пароксизмальді тахикардия байқалады.

Жедел көмек. Асқазанды жуып тазалау, ішке тұзды іш өткізгіш, белсендірілген көмір беру, форсирленген диурез, детоксикациялық гемосорбция.

Симптоматикалық терапия. Көктамырға 20 – 50мл 1% новкаин ерітіндісі, 500мл 5% глюкоза ерітіндісі. Бұлшықетке 10мл 25% магния сульфатының ерітіндісі. Сіңір тартылса көктамырға – диазепам (се- дук¬сен) 5 – 10мг внутривенно. Жүрек қарқыны бұзылса – көктамырға 10мл 10% новокаинамид ерітіндісі (қалыпты АҚ кезінде!) немесе 1 – 2мл 0,1% обзидан ерітіндісі, 20мл 40%глюкоза ерітіндісі 1мл 0,06% коргликон ерітіндісімен қоса. Брадикадия кезінде тері астына – 0,1% атропин ерітіндісі. Бұлшықетке 100мг кокарбоксилаз, 2мл 1% АТФ ерітіндісі, 5мл 5% аскорбин қышқылы ерітіндісі, 4мл 5% Вх және B6 дәрумендерінің ерітіндісі.

Тарғыл болиголдар (улы омег, тарғыл омег, жарқыраған омег, бас қатырғыш)

60 жылдары Қазақстан, Орталық Азия елдерінде де тарала бастады. Қоршаулар, құрылыстарда, бұталар астында, орман шеттерінде, жапы- рақты бөктерлерде және ауылшаруашылығы егістіктерінде арамшөп ретінде өседі. Өсімдіктің барлық бөліктері, әсіресе піспеген жемісінің құрамында (2% дейін) улы алкалоидтар бар, олардың ең қауіптісі кониин: ол жұлын параличін туындатады және аяқ-қол қозғалысы мен жүйке сезімталдығын параличтейді.

Ақжелкеннің, пастернактың, балдыркөктің, сәбіздің орнына боли- гол жапырақтары мен тамырларын, ал анистің орнына – жемістерін та- маққа пайдалану нәтижесінде улану туындайды. Болиголды анис иісі бар жеуге жарамды купырьмен (орман купырь – Anthriscussylvestris) шатастыруға байланысты балалардың улануы байқалады. Болигол- дардың ерекшелік белгілері – сабағындағы қызыл дақтар болуы, жапырағы дөңгелек, түсініксіз тышқан иісті және дәмі тіл күйдірерлік. Купырь жапырақтары төртқырлы, дәмі ащы, иісі сәбізді еске салады.

Клиникалық картинасы. Жеңіл улану барысында әлсіздік, бет өңінің қашуы, сілекей шұбыруы, тамақ «қырылы», кей кездері құсу мен іш өтуі байқалады. Аса ауыр жағдайларда: бастапқыда қозу мен сіңір тартылуы, кейіннен жабырқану мен ұйқышылдық, кей кездері – еріктен тыс өсімдік иісі бар несептің бөлінуі байқалады. Көру органының зақымдалуы симптомдары күшейе түседі: птоз (жағарқы қабақтың түсуі), аккомодация бұзылуы, көз қарашығының ұлғаюы, жарыққа әсер етпеуі байқалады. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі аз мөлшерде бұзылады. Қалыпты жағдайда сана айқын. Дене температурасы төмен. Оған тән симптом – аяқтан бастап парачичтің бастау алуы, оған кейіннен парестезиялар, тері сезімдалдығының жоғалуы, тыныс алудың нашар- лауы ілеседі. Өлімнің тікелей себебі – тыныстау бұлшықеттерінің параличі.

Ауыр жағдайларда тыныстау бұлшықеттері «қосылғанға» дейін тыныстау орталығының параличінен зардап шегуші көз жұмады. Барлық жағдайларда да өлім себебі тұншығу болып табылады.

Жедел көмек. Арнайы емі жоқ. Асқазан жуылып тазаланады, тұзды іш өткізші құрал мен зон арқылы вазелин майы белгіленеді. Тыныстаудың бұзылуымен күреске ерекше көңіл бөлінеді: қалыпты дозада тыныстау аналептигін (бемег- рид, коразол, этимизол) енгізеді, кислородпен тыныстауды қамтамасыз етеді. Қажетінше басқарылатын (жасанды) тыныстату қолданылады, уды шығаруды жылдамдату үшін осмотикалық диуретиктер немесе фуросемид пайдаланылады.

Кәдімгі утамыр

Кәдімгі утамыр (цикута, су болиголдары, су омегі) барлық Ресей аймағында таралған. Су қорымдарының жиектерінде, батпақты орман- дарда, суда да жиі өседі. Кәдімгі утамыр – аса улы өсімдіктердің бірі болып табылады. Негізгі әрекет етітін зат – цикутотоксин, ол өсімдіктің барлық бөліктерінде, әсіресе тамыр сабағында. Кәдімгі утамырмен улану көктем кезінде жиі байқалады. Негізінен бұл өсімдіктің күзде шығып, көктемге дейін жасыл болып тұратын балғын өскіндеріне, ақжелкен иісі бар жерден шығып тұратын тәтті тамырына қызығатын балалар зақым алады.

Тамыр сабағының аз мөлшері (2-3г) ауыр улану туғызуы мүмкін.

Клиникалық картинасы. Цикутотоксиннің әсер етуі өте жылдам байқалады. Алғашқы тамыр сабағы желінгеннен кейін бірнеше минут ішінде ауызда бастапқыда тәтті, кейіннен ащы дәм пайда болады, ағыл-тегіл сілекей, бас ауруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік, іштің түйіліп ауруы, жүрек айнуы, құсу. Тері бозарып, көз қарашығы ұлғаяды, ұйқы келеді, тыныстау жиілейді, тахикардия өсе түседі. Әсіресе сіңір тартуы ұстамасы тән. Бас бұлшықеттерінің тартылуы басталады, барлық денеде тартылулар пайда болады. Бас артқа қарай итеріліп (опи- стотонус), аяқ күштеніп созылады, жақ тарылады. 20-30 мин. кейін тонустық тартылулар, аяқ, мойын, жақ бұлшықеттерінің тәртіпсіз клоникалық тартылуларымен жалғасады. Зақым алған адам айқайлап, тісін сықырлатады, аузынан көбік ағады. Ұстамадан кейін толық бұлшықет және жүйке әлсіздігі байқалады. Қатты улану барысында бірінен соң тартылу ұстамалары бірінен соң бірі қайталануы мүмкін. Олардың бірінде өлім орын алуы мүмкін. Жақсы аяқталған жағдайда тартылу ұстамасы тоқтайды, соңы психикалық тежелуге ілесетін терең адинамия басталады. Естен тану мен қарауыту жиі байқалады, уақытша жалпы паралич орын алуы мүмкін.

Жедел медициналық көмек. Арнайы емі жоқ.

Симптоматикалық терапия. Асқазан жуылып тазаланады, кейіннен зонд арқылы 20 – 30г натрий сульфаты (жарты стақан суда ерітілген) және 200мл вазелин майы беріледі. Тартылуды тоқтату үшін клизмамен 1г хлоралгидрат немесе бұлшықетке 5 – 10мл 5% барбамил ерітіндісі енгізіледі. Жүрекқызметін ынталандыру үшін қалыпты дозада строфантин, целанид, коргликон және басқа да осыларға ұқсас препараттар беріледі. Тыныс алу бұзылса жасанды (басқарылатын), кислородты тыныс алу және шығару қолданылады. Тартылуға байланысты аналептиктер (камфора, кордиамин) және симпатомиметиктер (норадреналин, мезатон) қарама-қайшы. Улыутамырдыңаса токсинділігін есепке ала отырып пайдалы және жеуге жарамды дәрі балдырған мен орман аюбалдырғанын айыра білу қажет, сыртқы белгілері бойынша олар бір — біріне өте ұқсас.

Үнді кенепшөбі

Үндікенепшөбі (гашиш, план, марихуана, анаша)– қауіптіулыөсімдік, құрамында есірткі заты бар.

Клиникалықкартинасы.Басындапсихомоторлықозу,көзқарашағы- ның ұлғаюы, құлақ шыңылдауы, айқын көругаллюцинациялары, кейіннен – жалпы әлсіздік, босаңдық, жылауықтық, ұзақ және терең ұйқы, пульстің ақырындауы, дене температурасының түсуібайқалады.

Жеделкөмек. Удыішкеқабылдау жағдайында асқазан жуылыптазаланады. Форсирленген диурез жасалады. Өткір қозу барысындабұлшықетке 4 – 5мл 2,5% аминазин ерітіндісі енгізіледі.

Жануарлар уымен улану

Қауіпті жануарлардың таралуы Жердің түрлі зоогеографиялық аймақта- рындағы жануарлар әлемінің құрамын анықтайтын заңдылықтарға бай- ланысты. Жиі жағдайларда улы жануарлар көп және әртүрлі хайуанаттар әлемі бар аймақтарда кездеседі.

Көптеген улы жануарлар түрлерінің дене температурасы тұрақты болмағандықтан, олардың өмір сүруіне барынша қолайлы ылғалды тропикалық аймақтар аталған жануарлар түрлеріне ерекше бай. Бұл жерде аса қауіпті токсиндер шығаратын улы жануарлармен түрлердің ең іріөкілдері кезедесі. Сондықтан да адамдардың улы жануарлардың токсиндерімен улануы тропикалық ауытқушылыққа жатады. Қоңыржай климаты бар аймақтарда улы жануарлардың аздаған түрлері ғана кездеседі, олар адамдарда ауыр уланулар туғызбайды, сирек кезде ғана өлім жағдайы орын алуы мүмкін.

Жәндіктер

Жәндіктер – заманауи фаунадағы ең ауқымды санат, олардың мил- лионға жақын түрлері бар. Олардың барлығы дерлік құрлықта өмір сүреді. Кей жәндіктер қандайда бір мөлшерде адам организімі үшін токсин-ді заттар бөліп шығарады. Барынша қауіпті улы жәндіктер жарғаққанат- тылар отрядының өкілдері (аралар, соналар, түкті аралар, бүгелектер). Аралар мен соналар ауқымды топты құрайды, олардың құрамына

20 мыңнан астам түрлер кіреді, олар Антарктидадан барлық материктарға таралған. Олардың көбі синантропты өмір сүреді, кейбір түрлері бал алу мақсатында және өсімдіктерді тозаңдау үшін адаммен ара- лас дамиды. Нәтижесінде басқа улы жәндіктерге қарағанда адамның аралармен және соналармен жиі қатынасы орын алады, сондықтан да олардың уларымен улану, улы жыландар шағуынан туындаған инток- сикациялар санынан біршама артық.

Аралар мен соналардың у өндіру, сақтау және енгізуге арналған жоғары мамандандырыған, аса жетілдірілген аппараты бар. Оның не- гізгі бөліктері улы бездер және құрсағының соңында орналасқан бізгегі. Аралар мен соналардың улары қиын химиялық құрамнан тұрады және басқа жануарлардың уларынан ерекшеленеді. Ферментативті белсенділікке ие компаненттері екінші роль атқарады. Басты әрекет етушілер биологиялық белсенді аминдер (гистамин, серотонин, аце- тилхолин) және полипептидтер, оларды арасында кининдер, апамин мен мелитин ерекше маңыздылыққа ие. Бұл заттардың адам организмінің маңызды жүйелеріне кең спекторлы әсер ететін қабілеті бар: жүйке жүйесі, жүректамыр, тыныстау, эндокринді жүйе.

Түкті аралардың шағуы аралар мен соналардың шағуынан еш айырмашылығы жоқ.

Бүгелектер аралар мен соналар сияқты синантропты, бірақ олардың шағуы басқа жарқанаттыларға қарағанда барынша жанға батады (қатты ауырсыну), олардың көптеген түрлері Азияның тропикалық аймақтарында өмір сүреді және де Ресей аймақтарында сирек кездеседі.

Клиникалық картинасы. Жарғаққанаттылардың уымен улану симптомдарының айырмашылығы мен айқындылығы басқа жануарлардың уымен зақымдалуға қарағанда зардап шекен адамның өзге текті ақуыздарға жеке сезімталдығына байланысты. Ара шағуы кезін- де тек жергілікті раекция байқалады. Жалпы симптомдары 120-150 араның шағуы барысында дамиды, 400-500 – ара шақса жедел көмекті талап ететін жіті улану туындайды. Бірақ бір немесе бірнеше араның шағуынан уланы барысында анафилактикалық реакция орын алады, ол анафитактикалық шоктан өлуге әкелуі мүмкін.

Уды енгізу барысында күйіп-жанған ауру білінеді, ол бірнеше сағаттарды басылмайды. Зақымдалған жердегипемия мен ісік пайда болады. Көптеген зақымдар барысында ісік терінің көптеген жеріне тарауы мүмкін. Тері жабынының бозаруы байқалады. Жүрек соғуы, бас айналу, демікпе пайда болады Пульс жиілігі минутына 130-140 соққыға жетеді. Кей кездері конвульсия көрініс табады.

Жедел көмек. Аралар мен соналардың уларына қарсы антитоксинді сарысулар жоқ.

Симптоматикалық терапия. Улану дамуының симптомдарына қа- рай ем жасалады. Егер жарада араның бізгегі қалса оны алып тастау қажет. Шағылған жерге суық (егер болса, мұздай) компрестер тартылады, кейіннен антигистаминді препараттары бар жақпамайлар (преднизолон жақпамайы және т.б.) қолданылады. Ауруды азайту үшін анальгетиктер (парентерлі 1 – 2мл 50% анальгин ерітіндісі тәулігіне 2 – 3 рет және т.б.) беріледі.

Жоғарыңқы қозу орын алса транквилизаторлары: седуксен (көкта- мырға 2мл 0,5% ерітінді), элениум (ішке 0,005 – 0,01г күніне 2 – 4 рет) немесе триоксазин (ішке 0,3г күніне 2 – 3 рет).

Жыландар

Жыландардың абсолютті көпшілігі – құрлықты мекендеушілер. Хайуанаттар әлемінде 2600 астам жылан түрлері есепке алынған, олардың ішінде 400 жуығы улы. Адамдардың жылан уымен көпшілік уланулары кең таралған жылан түрлерінің, аздаған санының ішіндегілердің шағуымен байланысты.

Улы жыландардың толық емес шағуынан жыл сайын 1,7млн кем емес адам зардап шегеді. Орташа алғанда өлім жағдайы 2,4% құрайды. Аса қауіпті улы жыландардың шағуынан, медицина көмегінсіз, орташа есеппен 20 – 40% зардап шегуші, кей жерлерде олардың 70% дейіні қайтыс болады.

Өлімнің көп бөлігі Үндістанға және басқа да Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне келеді. Оңтүстік Америкада жыл сай- ын улы жыландар шағуына 3-4 мың адам, Африкада 800 жуық адам көз жұмады. Европадағы өлім жағдайлары бірен-сараң, жыл сайын емес. Түгелдерлік, жерүсті улы жыландардың барлық түрлері үш түрге жатады: аспидті (кобралар), сұржылантектестер және ойысбастылар (сылдырмақты жыландар).

Жыландардың улар көз артындағы бас бүйірлеріндегі түрі өзгерген самай сілекей бездерімен өндіріледі, сондықтан да көптеген улы жыландардың бастары қатты жалпақтанады. Жыландардың у өткізгіш тістері үстіңгі жақтың алдыңғы шеттерін- де орналасқан. Бұл тістер басқаларына қарағанда аса ірі. У өткізгіш тістердің ішінде у жылыстауына арналған каналшалар өтеді. Сұржылан тектес жыландардың 58 түрі бар, барлық Европа, Азия және Африка елдерінде таралған.

Сұржылан тектес жыландардың бастары шеңбер-үшбұрыш пішінді, мұрын шеті жапырылған және самай ұштары бүйірге шығыңқы, ол жерде улы бездер орналасқан; ол денесінен ұзын, өткір мойнымен аластатылған. Денесі қысқа және жуан, артқы жағы бірден тарылып, қысқа доғал құйрыққа ауысады.

Сұржыландардың барлық түрлерінің, жасыл түсті ағаш сұржылан- дарын қоса алғанда, түстері жыландарды қоршаған ортада көрінбестей ететін қорғаушы түс нұсқаларында.

Көптеген сұржыландар, мысалы көптеген асипидтер сияқты демонстративті қалыптарға еніп жауларына өздерінің бары туралы ескертпейді, байқалмай қалу үшін жай ғана жорғалап кетеді немесе жасырын қалады. Егер қарсыласы шындап жақындаса, бірден шағады. Жылдың жылы уақытында сұржыландар кешкі мезгілде белсендірек. Күндізгі уақыта өздерінің мекендейтін орнында тығылады немесе күнге қыздырынады. Көптеген сұржыландардың улар аспидтердің уларына қарағанда адам өміріне аса қауіпті емес. Организмге токсинді әсерінің басты белгілері жергілікті реакцияда көрініс табады.

Ірі сұржыландардың шағулары ғана адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін (гюрза, сонымен қатар Африка, Оңтүстік және ОңтүстікШығыс Азияны мекендейтіндер). Заманауи және дұрыс емдеу барысында бұл жағдайлардағы өлім сирек кездеседі.

Ресей мен жақын шетелдерді мекендейтін барынша қауіпті сұржылан түрлерін атап өтейік.

Кәдімгі сұржылан Британ аралдарынан бастап Сахалинге дейінгі Европа мен Азияның барлық орман аймақтарына таралған. Ұзындығы 75 см аспайды. Жоғарғы бөлігінің түсі қошқылкөгілдір мен қара аралығында. Артқы жағында бірден көзге көрінбейтін зигзаг сияқты жолағы бар.

Дала сұржыланы бұдан ұсақ, ақшыл боялған, оңтүстіке қарай, орманды далалы және далалы аймақтарда, сонымен қатар Қара және Ка- спий теңіздерінің жағаларында кездеседі; денесінің ұзындығы 50 см аспайды. Бұл сұржыландардың шағулары адам үшін қаупі аз. Өліммен аяқталу жағдайлары 0,5% аспайды, алғашқы жәрдем уақытылы және дұрыс көрсетілсе өлім жағдайы мүлдем болмайды.

Гюрза – өте ірі жылан, кейбір экземплярларының ұзындығы 1,6 м. жетеді. Таралуы аймағы аса кең.гюрза Кавказда және Орта Азияның оңтүстік аймақтарында кездеседі. Құрғақ тау бөктерлерінде, қамыстардың, сиретілген бұтақтасында арасында, жағажай жыраларында, өзен алқаптарында жиі мекендейді.гюрзаның шағуы жіті улану туғызады. Тиісті медициналық көмексіз зардап шеккендердің 10% көзжұмады.

Құмды эфа – ұзындығы 50-60 см жылан, ерекше «бүйірлеп» жүру арқылы құмда жылдам қозғалады, құмда «батып кетуге» қабілетті. Орта Азияның оңтүстік аймақтарын (Каспий теңізінің жағалауында, Арал теңізінен оңтүстікке қарай) мекендейді.

Клиникалық картинасы. Улы жыландар шағуы қатту ауру тығызбайды. Көп жағдайларда шағу моментін түйреуіштің түйреуімен салыстыруға болады. Сұржылан шаққан жерде у өткізгіш тістермен жасалған екі нүктелі жара көрінеді. Улы емес жыландар шаққан кезде теріден көптеген тістер қалдырған төрт қатар шағын белгілерді (мысалы, сарбас жылан шағуы кезіндегідей) көруге болады.

Аспидтердің (кобралар) шағуы кезіндегі клиникалық белгілеріне, салыстармалы түрде шағудың жергілікті көріністері нашар байқалуы, негізгі картина ретінде нейротрапты улардың әрекеті симптомдарының жедел өсуі (тыныстау орталығының параличі) дамиды, сұржыландардың уымен улану барысында алғы кезекте жергілікті зақымдаулар мен қайнайналымының бұзылуы шығады.

Сұржыландардың шағу барысында жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы салыстырмалы түрде нашар айқындалады. Сұржылан шағуынан 10-15 мин. өткенен кейін ісіну дамиды, эрите- ма пайда болады. Бірнеше сағат ішінде ісік қол-аяқтың көптеген бөлігіне тарайды, тәулік ішінде бүкіл денеге даруы мүмкін.

Жедел көмек. Улы жыландардың уларымен улану барысында алғашқы көмек көрсету үшін барынша тиімді құрал зардап шегушіге бірден айырықша антитоксинді сарысу енгізу болып табылады. Антитоксинді (токсинге қарсы) сарысулар бір немесе бірнеше түрлі жылан уларымен жануарларды имунизациялау жолымен алынады. Бірінші жағдайда моновалентті, ал екіншісінде – поливалентті сарысулар алынады.

Сарысу нұсқаулығына сәйкес тері астына немесе бұлшықетке енгізіледі.

Симптоматикалық терапия. Жыландардың шағуы кезінде сарысу егуден басқа бейтәндік емдеулер барлық жағдайларда қолданылады және уланудың дамып келе жатқан белгілерін жойып, олардың көрінісін азайтады. Ықтимал ауырпалықтардың туындауына (анафилактикалық шок дамуының қаупі) байланысты сарысу енгізу мақсатты болмағандықтан бейтәндік емдеу түрлері ерекше маңыздылыққа ие болады, мы- салы сұржыландардың улымен жеңіл улану.

Бейтәндік емдеу ережелерінің мағынасы аса маңызды, себебі оны қолдану нәтижесінде жиі жағдайларда нақты удың өзіне қарағанда адам өліміне әкелуі мүмкін аса ауыртпалықтар тудырып, әдебиеттермен қате және зиянды емдеу әдістері ұзақ мерзім ұсынылып және практикада жүргізілген.

Жылан уынан зақым алғандарды емдеудің соңғы нәтижесі және олардың сауығуы көбіне алғашқы көмектің дұрыс және уақытылы көр- сетілуіне байланысты. Жылан улары адам оргнизіміне күшті әсер етеді, басынан бастап науқасты зақымдайтын және у әсерін ұлғайтатын шаралардан аулақ болу керек. Аялауыш терапия ғана жүргізу қажет.

Мидағы қан айналымының бұзылуын төмендету үшін зардап шегушінің басын дене деңгейінен төмен түсіру түсіру қажет. Кейіннен шағу орнын сору мүмкін болса, 10-15 мин. жарадан уды жігерлі түрде ауызбен сору немесе қансорғызу банкаларының көмегімен сорып тастау қажет. Егер шағудан кейін бірден у сору басталса, енгізілген удың 30 – 40% алып тастауға болады. 15 мин. кешіктірілсе жойылған у мөлшері 10 – 12% төмендейді.

Сору дұрыс жасалса зақымдалу ауыртпалығы төмендейді. Қолды шағу орын алса зардап шегушінің өзі сорып тастауы мүмкін. У зақымдалмаған шырышты қабаттан өтпесе де, сорған сұйықтықты түкіріп тастау қажет, себебі ауыз қуысының микрозақымдарына сенуге болмайды.

Ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануы несеме тістің тісжегілері бар адамдарға уды ауызбен соруға тиым салынған. Уды алғаннан кейін ауызды калий марганец қышқылының ерітіндісімен немесе таза сумен шаю қажет. Сорғызу барысында шағылған жерді бас және сұқ саусақпен жараға бағыттай отырып жеңіл уқалау жасау қажет. Ісінудің алғашқы белгілері пайда болса сору бірден тоқтатылады, шағу орны антисептикпен өңделіп, қатты стирильді таңғыш салынады. У организмге лимфа тамырлары бойынша тарап, бұлшықет қозғалысы барында күшейе түседі. Оның өмірлік маңызы бар орталықтарға түсуін төмендету және организмнің қорғаныс механизмдерінің іске қосуы үшін зақымдалған дене бөлігін оқшаулау қажет.

Оның жүзеге асырылу әдістемесі сынық кезіндегідей: қол бүктелген қалыпта ілінеді, аяқ шиналармен бекітіледі, болмаған жағдайда сау аяққа дәкемен таңылады.

Зақым алған адамға толық тыныштық қамтамасыз етіледі. Көп сұйықтық (қою ыстық шай) және жүрек жұмысын қолдауыш препаратар беріледі. Зардап шеккен адам жатқызылған қалыпта тасымалданады.

Көптеген адамдарда жылан шағуы психиканың бұзулыну туындатады. Қорқыныш организмнің көптеген маңызды қызметтерінің психогенді бұзылушылықтарына әкеледі және естен танғызады. Сондықтан да шағудан кейінгі алғашқы минуттарда зардап шегушіні жұбатып, емдеу уақытында тұрақты түрде психотерапиялық көңіл бөлу қажет.

Ерте кездерде ұсынылған көмек көрсету әдістері қолдану зардап шегушіге үлкен зиян келтіруі мүмкін.

Шағу орнына жоғарырақ жерге бұрау салу, «уды қанмен бірге шығару» мақсатында шағу орнындағы теріні кесу, қан шығару, шағу орын- дарындағы тіндерді кесіп алу, калий марганец қышқылын енгізу, шағу орнын қысу – бұл қауіпті ауыртпалыққа апаратын қате және зиянды «емдеу» әдістері, олар улануды емдеуден де ауыр өтеді.

Балықтар

Оңтүстік-шығыс теңіздерде инеқұрсақты балықтар мекендейді, оларды пассивтіулыларға жатқызады. Олар адам өмірі үшін үлкен қауіп тудырады. Көптеген жағдайларда ит балық тектестерді тамаққа пайдалану барысында жіті уланулар туындауы мүмкін. Көптеген итбалық түрлерінің бауырында, уызында, ішектері мен құрсағында аса ауыр жануарлар уы – тетродотоксин бар. Бұл улармен уланудың 60% өлімге әкеледі. Ол өзінің токсин қабілеттерін жоғалт- пастан, 4 сағат қайнауы мүмкін. 15-20 минуттан кейін өлу үшін адамға бұл балықтың (30г) бір түйір бауырын жеу жеткілікті. Дегенмен, кейбір шығыс елдерінде бұл балықты тамаққа пайдаланады.

Мысалы Жапонияда итбалық «фугу» атымен деликатес ас ретінде тамаққа пайдаланылады.

Екінші улы теңіз жануарларын тамаққа пайдалану барысында туындаған жәнегастроэнте¬роневрологиялық белгілерімен өтетін интоксикация сигуатера типті улану атауымен аталады, бұл 1787 жылыгаванада көптеген адамдар тобын улаған «sigua» моллюскісінің жергілікті аты.

Қазіргі кезде осы типті уланулар, өз организімінде у өндіруге қа- білеті жоқ, кәдімгі жеуге жарамды балықтардың 300 астам түрін тамаққа пайдалану барысында тіркелген. Олардың көпшілігі азық қатынасында аса құнды болып саналады және деликатесті балық тағамдары ретінде қызмет етеді.

Кариб теңіздерінде, Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлік- терінде, Оңтүстік-Шығыс Азия және Индонезия жағалауларында мекендейтін теңіз рифтерін және жағалау балықтарын (риф алабұғасы, барракуд және т.б.) тамаққа пайдалану барысында уланулар туындай- ды.

Бұл түрлерден туындайтын токсиндер түрлі балдырлар құрамында бар. Улар тамақ тізбектері бойынша балық организіміне түсіп, негізі- нен бауырда, жыныс мүшелерінде және ішек-қарындарында жиналады. Көп жағдайларда балық еттері токсинді емес. Улы балдырлардың көбе- юі табиғи себептерден туындаған (қатты жауын-шашын, су тасқыны, ірі теңіз сүтқоректілерінің өлуі және т.б.) экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы немесе адам қызметі (су асты жұмыстары, әсіресі жарылыс, мұхитқа қоқыс таста және т.т.).

Мұхит ластануының ұлғаюына байланысты жеуге жарамды балықтармен улану (кей аудандарда) жағдайлары өсуде.

Өндіріс қалдықтары құрамындағы токсинді қосындылар, сол жерде мекендейтін балықтарды тамаққа пайдаланатын адамдардың созылмалы улануының алғашқы себептері болуы мүмкін.

Клиникалық картинасы. Балықтар токсиндерімен уланудың бел- гілері әртүрлі. Көптеген кезде асқорыту және жүйке жүйесі органдары қызметінің бұзылуы көрініс алады.

Сигуатер түрлі улану ауыртпалықтары әр түрлі болуы мүмкін. Асқорыту органдары қызметінің бұзылуы басым, ауыр жағдайларда – жүйке жүйесі.

Улы балықты тамаққа қолдағаннан кейін бірден немесе бірнеше сағаттан кейін ерін, тіл, тамақ қасы қыши бастайды, кейіннен жансызданады. Жүрек айнуы, ауыздағы метал дәмі, құсу, іш ауруы, іш өтуі көрініс алады. Зардап шегушілер бас ауруына, жалпы әлсіздікке, терінің қатты қышуына, бұлшықет пен буындардың ауруына шағымданады.

Ауыр жағдайларда қатты бұлшықет әлсіздігі, қалшылдау дамиды, көру қасиеті бұзылады: заттардың бұлыңғырлануы, уақытша соқыр- лық, жарықтан қорқу, көз алдында қара дақтар көрінуі.

Тері сезімталдығы бұзылады: ыстық суық ретінде және суық ыстық ретінде қабылданады. Қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, параличтер, буындардың тартылуы байқалады. Өлім орын алуы мүмкін.

Сауығу барысы өте баяу (кей уақытта бірнеше айлар). Жіті улану барысындағы өлім 7% шамасында.

Жедел көмек. Арнайы у қайтарғыштар жоқ.

Симптоматикалық терапия. Жылдам және жігерлі өткізілуі тиіс. Алдын ала асқазанды зонд арқылы немесе құсық келтіру арқылы жуып тазалау қажет. Асқазанды тазалау үшін калий перманганаты (1:5000) ерітіндісі, 0,5% танин ерітіндісі, белсендірілген көмір немесе магний тотығының (20 – 30г) су езбесі пайдаланылады.

Асқазан тазаланғаннан кейін тұзді іш өткізгіш беріледі. Адсорбиялайтын және нәрлендіретін құралдар: белсендірілген көмір (қайталап 10-5г., әр порциясы сумен жұтылады), тығыздалған жұмыртқа ақуызы, сүт

Ауыз бен мұрын қуысынан ағыл-тегіл шырыш бөлінсе сұйықтықты сорғызу немесе зардап шеккен адамның басын бір жағына қарату ке- рек. Ларингоспазм жағдайында интубация немесе тра-хеостомия жасалады. Тыныс бұзылуымен күресу үшін кислород белгіленеді, өкпені жа- санды желдету қолданылады, кофеин (тері астына 2 – 5мл 10% ертін- ді), кордиамин (тері астына 3мл), этимизол (тері астына 4 – 5мл 1,5% ерітінді), цититон (көктамырға 1мл) беріледі.

Дезинтоксикациялық терапия. Дәрумендермен ірге (көктамырға 20 – 50мл 40%глюкоза ерітіндісі 0,5г аскорби¬н қышқылымен), на- трийгипосульфиті (көктамырға 5 – 50мл 30% ерітінді). Ретинол (бұл- шықетке майдағы ретинол аце¬татты тәулігіне 25 – 100 мың. МЕ), кальцийглюконаты (көктамырға немесе бұлшықетке баяулап 5 – 10мл 10% ерітінді).

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close