ЖЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
ТЖД жылыту маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізуде.
Осы іс-шара аясында ТЖД мамандары қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға ерекше назар аудара отырып, тұрғын үйлерді жоспарлы аралауды жүзеге асырады. Тұрғын үйлерді аралау барысында қызметкерлер өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқамалар жүргізді, жылыту аспаптары мен тұрмыстық техниканы қалай дұрыс пайдалану керектігін, сонымен қатар, өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.
Жылыту маусымында осал топтағы отбасыларға ерекше назар аударылып, өрт қауіпсіздігі айлығы аясында тұрғын үйлері толық араланды. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне 200 данагазосигнализатор құрылғысы орнатылды. Бұл құрылғылар өрт немесе газдың шыға бастаған уақытында ерте анықтауға арналған, бұл уақытында әрекет етуге және қайғылы жағдайды болдырмауға мүмкіндік береді.
Тұрғын үйлердегі профилактикалық іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады, алайда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау мәселесі өзекті болып қалуда. Көптеген азаматтар, өкінішке орай, қарапайым сақтық шараларын елемей, өз өмірлеріне ғана емес, айналасындағылардың өміріне де қауіп төндіреді.
ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Балаларды қараусыз қалдырмау, төсекте темекі шекпеу, тұрмыстық техниканы пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындау және электр сымдарының оқшаулауы зақымдалған құрылғыларды пайдаланбау маңызды. Бұл қарапайым, бірақ маңызды сақтық шаралары өмірді сақтап қалуы мүмкін.
Өрт немесе басқа төтенше жағдай туындаған жағдайда бұл туралы «101» немесе «112» телефоны арқылы дереу хабарлау қажет.