Рухани жаңғыру

ҚАЗАҚТЫҢ САТТАРЫ – АЛАШТЫҢ МАҚТАНЫ!

Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығы мен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің бірлесе ұйымдастыруымен «Рухани  жаңғыру» аясында ақын, жазушы, қазақтан шыққан тұңғыш фантаст жазушы Саттар Ерубаевтың туылғанына 107 жыл толуына орай «Саттар Ерубаев оқулары» байқауы өтті.


Байқауға қала мектептерінен 136 оқушы қатысты. Оқушылар мектептегі Саттар жайлы тың деректер мен оның ғұмыры жайлы толық мәліметпен танысуға мүмкіндік алды.
Шараның ашылу салтанатында Саттардың үлкен ағасы Есімнің туған немересі, осы мектеп-лицейдің өркендеуіне ерекше үлес қосқан Ұлжалғас Есіммен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында әңгімелесіп, жазушы ғұмыры жайлы пікірін білдірді, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі кезеңнен тұратын байқауда топ жарып, бас жүлдеге ие болған №24 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Байданов Батырхан болды.

Байқау соңында қатысушы оқушыларға жасында жарқ еткен қысқа ғұмырында артында өшпес мұра қалдырған, қазақтың біртуар талантты ұлы, С.Ерубаев өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, өнегелі өмірін үлгі етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close