Саясат

11 НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Еңбекші ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты 11 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг тобында мәслихат депутаттары Бахыт Кыдырбаев, Мурат Жолдыхожаев, Лазиз Сулайманов, Талғат Балтабаев, Ноян Тулегенов болды.
Аралау барысында депутаттар РК-3 жылу қазандығының қысқы маусымға дайындығын, балалар ойын алаңшасының құрылыс барысын, сондай-ақ, №46 және №38 мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарымен таныстырдық.
Сонымен қатар, халық қалаулылары Ұлағат ш/а мектеп жері және кәріз жүйесініңсапасымен және гүлщардың құрылыс барысымен жіті танысып шықты.

Бұдан кейін аудан аумағындағы ирригация құрылысын, жалын тұрғын алабындағы Текесу көпірінің құрылысын, Шаңырақ шағын ауданындағы ГЧП аясында Дәрігерлік амбулатория мен Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектебіне қосымша құрылыс нысандарына ат басын бұрған депутаттар құрылыс саласының жіті бақылауда болатынын ескертіп, сала мамандарына аталған нысандардың жұмысын назарға алатынын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close