Саясат

АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының мәжілісі филиал төрағасы, аудан әкімі Абзал Шымкентбайұлы Әліқұловтың жетекшілігімен өтті.

Бюро отырысында Қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракциясының мүшесі депутат Т.Д.Балтабаев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы бағыттарының орындалуы бойынша есебін баяндады.


«Испиджаб» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Х.А. Ташходжаева партия сьездерінің шешімін, партияның Шымкент қаласына арналған «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы және Жарғы талаптарын орындау жөнінде атқарған жұмыстары жөнінде өз есебін баяндады.
Аудан аумағындағы білім беру, медицина мекемелерінде партияның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының орындалу барысы туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрайымы Ж.Н. Таңатарова өз есебін баяндады.

Өткен Бюро мәжілісінің күн тәртібінде қаралған мәселелердің орындалу қорытындысы туралы «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Иманқұлов Әбдез Рахманұлы баяндады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close