Саясат

АУЛАЛАР АБАТТАНЫП, СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкенттің 17 шағынауданындағы №№6,7 және 8 көпқабатты үйлердің ауласында балалар ойын алаңшасы мен тренажер, стрит-воркаут алаңшалары пайдалануға берілді.

Нысанның ашылуына «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Гүлайым Шунгараева, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Жасұлан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Абуали Тасмұрзаев және Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылуда. Еңбекші ауданында осы жоба шеңберінде 41 көпқабатты үйдің ауласын жаңартуға бюджеттен қаражат бөлініп, қазір таңда 34 көпқабатты үйдің ауласы абаттанды. Қалған 7 үйдің ауласы жыл соңына дейін толық пайдалануға тапсырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close