Саясат

«BEST HOME KZ» — САПА МЕН ТӘЖІРИБЕНІҢ КЕПІЛІ

Жуырда Шымкентте өткен «Шымкент өнімдері» отандық тауар өндірушілер көрмесінде «Best Home Kz» ЖШС жеңімпаз болып танылған еді. «Халық таңдауы» арқылы дауыс беру қорытындысымен кәсіпорынның «Химия өнеркәсібі» саласындағы жетістіктері сарапқа салынған болатын.

«Best Home KZ» ЖШС лак-бояу цехі нарықта 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2021 жылдың қаңтар айында Түркістан және Жамбыл облыстарында «Best Home KZ» ЖШС лак-бояу цехі іске қосылды.
«Best Home KZ» ЖШС лак-бояу цехі соңғы 10 айдың көрсеткіші бойынша 400 тоннадан астам өнім шығарды.

Қазіргі таңда цех «New Color» брендімен сулы-дисперсиялық бояу, акрилды бояу, лактар, акрилды желім, сәндік сылақтар шығарумен айналысады. Сапалы лак-бояу өнімдерін өндіруде заманауи технологияларды қолданып, жоғары білікті мамандармен көмегімен цех жұмысы жандануда. Қазіргі таңда зауыт Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close