Саясат

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығы талқыланды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығы талқыланды.

«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» екенін Елбасы бесінші тұғырда нақтылап өтті. Расымен де біз тарихы тереңнен бастау алатын, рухани-мәдени мұраларға бай елміз. Осы уақытқа дейінгі айтылып келе жатқан рухани жаңғырудың мән-маңызына терең бойлаудың сыры да осында жатыр. Тарихымызды біліп, мәдени құндылықтарымыздың бағасына жетіп, ұлттық рухымызды сақтай алған кезде ғана мемлекетіміздің өркендері сөзсіз. Сондықтан Елбасы мәдениетімізді зерделеп, рухани құндылығымызды дұрыс насихаттауға шақырады.

Елбасы ұсынған жеті қағидат бойынша Шымкент қалалық «Miras» аймақтық кеңесінің төрайымы Айдарбекова Күлия Смайылханқызы мен «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі Оралбаева Зауре Абдихамитқызы баяндама дайындады.

Кеңес мүшелері қағидаттар жиынтығында айтылған мәдениет, білім, жастарды еңбекке баулу мәселелері төңірегінде ұсыныстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close