Саясат

ГАЗ ТҰТЫНУ КЕЗІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Баспасөз-конференция барысында ТЖ департаментінің бастығы мына статистиканы келтірді. Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде жылу беру маусымында табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болып (оның ішінде 2 бала), 3 адам жарақат алды. Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге, қаза болғандар екі жарым есеге, жарақат алғандар саны 33% — ға төмендеген. Уланудың негізгі себептері мыналар болып табылады: газ аспаптарын монтаждаудың бұзылуы; ағынды су жылытқыштың түтін мұржасында тартым жоқ; гофраның дұрыс жалғанбауы.


Өнеркісптік қауіпсіздікті бақылау департаментінің өкілі Бердібек Сәлі құзырлы органдардың қатысуымен заңнамалық талаптарын түсіндіру және міндеттерді айқындау мақсатында дөңгелек үстелдер мен кездесулер, жиындар өткізілгендігін жеькізді. Сондаәй-ақ халықтың арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, іс-шара барысында газ және газбен жабдықтау саласындағы объектілерде өрт қауіпсіздігінің жай-күйі және қамтамасыз етілуі; Газ және газбен жабдықтау саласындағы объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік және тұрмыста газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуы;газбен байланысты улану жағдайлары туралы және олардың алдын алу шаралары; газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде талаптардың сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close