Саясат

«ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қала әкімінің қаулысымен «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама 3 бағыттан тұрады:
• өндірістік парктерді құру;
• ауылшаруашылық кооперациясын дамыту;
• сауда орындарын дамыту;

Бірінші бағытқа сәйкес, өндіріс саласы бойынша қалада тоқтап тұрған немесе бос тұрған ғимараттардың ішінде өндірістік парктер құру жоспарланған. Яғни, өндірістік ғимараттар бағдарламаның талаптарына сәйкес келсе, оны өндірістік парктер реестріне енгізеді. Сондай-ақ, оның қатысушыларына жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеу қарастырылған. Бірінші жылы – 75 пайыз, екінші жылы – 50 пайыз, үшінші жылы – 25 пайыз.

Өндірістік парктер реестріне енгізу үшін кәсіпкердің арызы негізінде осы «Бизнеске арналған үкіметке» жүгінеді. Бұл ретте, жұмыс тобы ғимаратқа қорытынды беріп, Өңірлік үйлестіру кеңесінде қарайды. Жоба мақұлданған жағдайда реестрге енеді.

Сонымен қатар, қатысушылар Шымкент қаласында тіркелуі және жобасы басым экономикаға сәйкес болуы қажет.

Екінші бағытта, ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз етеді. Яғни, әкімдік, үй шаруашылығы және якорлы кәсіпорынның үшжақты атсалысуы арқылы кооперациялық тізбекті құруға болады.

Үшінші бағыт – 1000 сауда нүктесі. Яғни, қаладағы сауда нүктелерін ұлғайту болып табылады. Осы орайда, «СПК «Шымкент» іске асырып жатқан 1000 сауда нүктесі жобасы аясында қаланың тығыз орналасқан жерлерінде жылжымалы және ауыстырмалы (көшпелі) сауда нүктелерімен толықтырылуда.

Осы бағдарламаға қатысу үшін «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисіне келу керек.

Айта кетейік, осыған дейін қарқынды жүзеге асып жатқан ауқымды жобалардың бірі — «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы. Енді осы жобаның аясында «Іскер қала» бағдарламасының қатысушыларына қолдау көрсетілетін болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close