Саясат

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн және оффлайн қабылдады. Қабылдауға тұрғындар әкімдік сайтындағы өтінім беру терезесі арқылы және әлеуметтік желі арқылы тіркелген.

Тұрғындардың мәселесінің басым бөлігі жол сапасы, қоғамдық көлік, спорт алаңшалары мен жұмыскерлердің еңбек құқығының сақталу, интернет және орта сапасын бақылау басқармасына қатысты болды.

Мақсұт Пернебайұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, басқарма басшыларына тез арада назарға алуын тапсырды.

Қоғамдық қабылдау барысында онлайн кездесу «WhatsApp» желісінің видеоқоңырауы арқылы жүзеге асырылса, офлайн форматта Фронт-офисте жүргізілді.

Кездесуден соңы әкім орынбасары тұрғындардың шақыруы бойынша «Шаңырақ» тұрғын алабында болып, ауыл билерінің мәселелерін тыңдады. Елді мекенде қоғамдық көлек мәселесі, аялдамамен қамтамасыз ету, мектеп айналасында қауіпсіздікті нығайту шараларын талқылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close