Саясат

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қаратау ауданы Достық шағынауданында спорт алаңшасы салтанатты түрде ашылып, тұрғындар игілігіне табысталды.

Кезекті спорт алаңшасының ашылу рәсіміне аудан басшысы Абзал Шымкентбайұлы, аудандық ардегерлер кеңесі мен әжелер алқасы және ауыл билері мен тұрғындары қатысты.

Тұрғындарды қуанышқа бөлеген іс-шара барысында аудан әкімі тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, өз лебізін жеткізді.

Еске сала кетейік, жалпы аудан аумағында ағымдағы жылы ауданда 29 орынға ашық спорт алаңшасы салынуда. Оның ішінде 25 ашық спорт алаңшасын салуға,
2 әмбебап спорт және балалар алаңшасын салуға қаржы қаралса, 2 ашық спорт алаңша Шымкент қайырымды қала демеушілер есебінен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Атап айтқанда: Асар 2 ш/а 3 спорт алаңша, Қайнарбұлақ т/а 1 спорт алаңша, Достық ш/а 2 спорт алаңша, Достық т/а 1 спорт алаңша, Ақжайық ш/а 2 спорт алаңша, Асар ш/а 5 спорт алаңша, Нұрсат ш/а 3 спорт алаңша, Бозарық с/ж 1 спорт алаңша, Азат ш/а 2 спорт алаңша, Нұртас ш/а 2 спорт алаңша, Өтеміс т/а 1 спорт алаңша, Сайрам т/а 2 спорт алаңшалары салынып, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close