Саясат

«ШЫМКЕНТ – 2200: ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді. Іс-шараға өтінімдерді қабылдау уақыты ұзарды, яғни 24 қыркүйек өтінімдер қабылдаудың соңғы күні.

Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.

Форум-көрме 6 номинациядан тұрады. Олар:
— Медиа
— IT-жоба
— Креативті архитектура
— Туризм саласындағы креативті қызметтер
— Қала бренды
— Гастрономия (Шымкент дәмі)

Басты талап:
— Жобаның сапасы
— Креативтілік пен өзектілік
— Авторлық жоба (плагиат емес)

Жобалар бейнеролик, макет немесе слайд түрінде қазақ/орыс тілінде презентация және электронды түрде (jpg, pdf, 1080p (FullHD)), бір автордан 3 жобаға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін 8-25 қыркүйек арасында арнайы сайтында орналасқан арнайы анкетаны толтырып, shymkent2020@gmail.com поштасына жіберу қажет. Толық ақпарат алу үшін +7 (701) 102 17 17, +7 (702) 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Жеңімпаздар сертификаттармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close