Саясат

Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Үздік жедел уәкілі» — Әсет Жарылқасын

Қылмыстық іздестіру қызметкерлері арасында кездейсоқ келген адамдар болмайды. Көптеген қызметкерлер бұл қызметтің өте тығыз жұмыс кестесіне шыдай алмай, қызметпен ерте қоштасып жатады. Қиын-қыстау кездің өзінде тиімді жол тауып, қысылтаяң уақытта оңтайлы шешім қабылдай білетін, өзінің жеке мәселесіне жұмсайтын уақыты болмайтын азаматтар – криминалдық полиция қызметкерлері.

Жақында Алматы қаласында өткен республикалық «Үздік жедел уәкіл» атты байқауда Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Үздік жедел уәкілі» номинациясын полиция капитаны Әсет Жарылқасын иеленді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Әсет Бауыржанұлы Жарылқасын Ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

 

Жедел уәкіл сапында қызметін бастаған ол, өзіне жүктелер тапсырманы дұрыс ұғынып, сенімнен шығуға тырысып келеді. Бұл қызметтің өзіне тән қиындығы бар. Негізінен ауыр қылмыс жасап қашып жүрген қылмыскерлерді, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрықтау сынды аса жауапкершілік жүктейтін қызмет болған соң ол аса сақтықты, қырағылықты қажет етеді. Содан да болар тапсырманың барлық қыр-сырын үйреніп, жинақтаған тәлім-тәрбиесін қажет жағдайда қолданып отырады. Бұл оның ішкі істер органдарындағы аса ауыр қызмет — жедел қызметке келуіне баспалдақ болды. Жауапкершілікпен қоса шыдамдылықты талап ететін қылмыспен күрес саласында қайраты мен күш-жігерін салып еңбек етіп жүрген Әсеттің іскерлігінің арқасында әріптестерінің арасында беделі жоғары. Өз ісін жетік білетін әрі алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын табанды жедел уәкілдің еңбегі бүгін бағаланып отыр. Отбасының тірегі, әріптестерінің арасында қарапайымдылығымен көзге түскен Әсет айрықша қызметті арқалап, талап үдесінен шығып жүрген азамат.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close