Саясат

ШЫМКЕНТТЕ 1400 ЖУЫҚ САНАҚ ПЕРСОНАЛЫ ДӘСТҮРЛІ ЖАЛПЫ АРАЛАУҒА ШЫҒАДЫ

Шымшаһарда қазан айында онлайн санақтан өтпеген респонденттерге интервьюерлер сауалнама жүргізеді. «Оқушылар сарайында» құрылған №6 нұсқаушылық учаскесінің жұмыс барысымен танысқан Әл-Фараби ауданының әкім Рашид Мыңбаев пен Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаметінің басшысы Сырым Мәдиев дәстүрлі форматтағы халық санағын жүргізуге қатысушы респонденттерге сәттілік тіледі.

– Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында офлайн режимде жүргізіледі. Онлайн санақтан өтпеген респонденттерге интервьюерлер сауалнама жүргізеді. Шымкент қаласында 177 нұсқаушылық және 1207 санақ учаскісі құрылды. Тікелей халық санағын өткізу кезінде уақытша жұмысқа қала бойынша 1400 жуық санақ персоналы тартылды. Олардың барлығы ковидке қарсы вакцина алған. Әрқайсысы арнайы планшеттермен қамтылған. Алынған барлық ақпарат Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Қызметкерлер, азаматтардың жеке дерегін жария етпеуге міндетті. Олар көк орауыш тағып, санақ символы бар портфель ұстап жүреді. Сонымен қатар, әрқайсысында тіркеу нөмірі бар арнайы куәлік болуы тиіс. Оның түпнұсқалығын Sanaq.gov.kz сайтынан тексеруге болады, — деді Сырым Өскенбайұлы.

Дәстүрлі санақтың жаңашылықтары – интервьюердің электронды планшеттерді пайдалануы, заманауи цифрлық технологияның енуі мен үрдістердің автоматтануы болмақ. Бұл деректер сапасына адам факторының ықпалын азайтады және деректердің базаға толық енуіне мүмкіндік береді.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, санақтан онлайн өткендер қатары 6 миллионнан асты. Оның ішінде 237 мыңнан астам шымкенттік бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close