Саясат

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМ КӨЛЕМІ 9 АЙДА 34 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Қала дамуының негізгі көрсеткіші 8 өлшеммен өлшенетін болса, соның бірі ауылшарушылығы саласы. Шымкентте ауылшаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылы тоғыз айда 27 млрд теңге болса, биыл сол уақыт аралығында 34,1 млрд теңгеге жетті. Өсім 1,6 пайызды құрайды.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов «Әкім сағаты» бағдарламасында ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

— 2020-2025 жылдарға жоспар құрдық. Онда ауылшаруашылығы өнім көлемі 2020 жылы – 32 млрд, 2021 жылы – 37 млрд, 2022 жылы – 42 млрд, 2023 жылы – 48 млрд, 2024 жылы – 55 млрд, 2025 жылы – 62 млрд теңге болмақ. Бұл нәтижеге жету мақсатында бүгінде «Агроиндустриалды аймақ», «Бозарық» тамақ өнеркәсіп индустриалды аймағын құру жұмыстары жүріп жатыр, — деді мегаполис әкімі.

Үшінші тоқсан қорытындысына сәйкес, Шымкентте ауылшарушылығы саласына 3,6 млрд теңге субсидия бөлінді. 29,3 мың гектарға егістік егіліп, одан 85,4 мың тонна өнім жиналды. 3,5 мыңнан аса шаруақожалықтары бар болса, оларда өндірілген өнім ішкі және сыртқы нарықта саудаға шықты. 25 жылыжай, қарқынды бау, мал бордақылау секілді мал және құс етін өндеу бойынша инвестициялық жобалар іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңға 15 жоба іске қосылғанын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close