Спорт/Шоу-Биз

UFC 249 турнирі 18 сәуірде өтпейтін болды

18-сәуір күніне жоспарланған жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюссон арасындағы кездесу өтпейтін болды. Айта кетейік, бұл екі спортшы арасындағы кездесудің 5-рет кейінге шегерілуі

2015 жылы Хабиб қабырғасын сындырып алып жекпе-жек кейінгі қалған.

2016 жылы Тонидің өкпесіне қан кетіп, жекпе-жекке 11 күн қалған кезде кейінге қалды.

2017 жылы өтуі керек жекпе-жек тағы өтпеді. Бұл жолы Хабиб салмақ қуу кезінде есінен танып қалған еді.

2018 жылы Тони аяқастынан аяғын сындырып алып, жекпе-жек өтпеді.

«Біз басынан бастап турнирді ұйымдастыруға күш салдық. Бүгін бізге ESPN басшылығынан қоңырау келіп түсті, бізден келесі сенбіде турнирді өткізбеуді өтінді», — деді Уайт ESPN-ге берген сұхбатында.

Дегенмен Дана Уайт UFC-249 турнирін өткізуді жоспарлап отыр. Тони жекпе-жекке дайын. Кездесуден бас тартқан Хабиб. Енді оның орнын Конор МакГреор басуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тағы БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр. Тони мен Конор жеңіл салмақтың уақытша чемпионы деген атаққа таласады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close