Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

2007 жылы қаңтар айында Үкімет ауысып, жаңа Үкімет жасақталды. 12 қаңтар күні Министрлер кабинетінің алғашқы отырысы өтті.

2007 жылы 20 қаңтар — Қазақстанға АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейни ресми сапармен келді. Елбасы мәртебелі мейманды Ақордада қабылдады. Сапар барысында екі ел ара­сынд­ағы ынтымақтастық мәселесі тағы бір електен өткізіліп, талқыға салынды.

2007 жылы 29-31 қаңтар — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапар жасады. Сапар барысында ГФР Канцлері А.Меркельмен, Бундестаг төрағасы Н.Ламмертпен, ГФР Федералдық Президенті Х.Келлермен, ГФР экс-Канцлері Г. Шредермен, экс-Президенті Р. фон Вайцзекермен, Германияның қоғамдық-саяси және іскер топтары өкілдерімен кездесулері болып өтті.

2007 жылы 13 ақпан — Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында үш жылға арналған «Мә­дени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытынды отырысына қатысып, баяндама жасады.

2007 жылы 19-21 сәуір — Алматыда алтыншы рет өткізілген Еуразиялық Медиа-Форумның жұмысына РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Евгений Примаков қатысты.

2007 жылы 17-18 тамыз — Қазақстанға ресми сапармен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао келді;

2007 жылы 24 қыркүйек — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында сөз сөйледі.

2008 жылы қаңтар айында — Қазақстанға этникалық отандастарымыздың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты;

2008 жылы 30 қаңтар — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының форумында аталмыш халық­аралық бағдарламаны жаңғыртуды ұсынды.

2008 жылы 22 ақпан — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми бас­қосуына қатысты.

2008 жылы 14 мамыр — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен «Жас Отан» Жастар қанатының І съезіне қатысты;

2008 жылы 6 шілде — Елордадағы «Қазақ елі» монументінің ашылу салтанаты болып өтті. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев.

2008 жылы 28 тамыз — Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай ынтымақ­тастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиті өтті.

2008 жылы 10 қазан — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ке­зекті отырысы, ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысты

2008 жылы 2 желтоқсанда — 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

2009 жылы 14 қаңтар — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петрэусті қабылдады.

2009 жылы 12 ақпан — Қазақстан Республикасының Прези­денті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған партия Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы өтті.

2009 жылы 25 ақпан — 6 наурыз — Ел тұрғындарының екінші ұлттық Халық санағы өткізілдi. 25 ақпан күні таңертеңгі сағат 8.00-де республика бойынша бір уақытта 50 мыңға жуық есепшілер шықты.

2009 жылы 28 сәуір — Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) құрылтайшы мемлекеттер басшы­ларының саммиті болып өтті.

2009 жылы 16 маусым — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екатеринбург қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

2009 жылы 3 тамыз — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қорғас-Жетіген» теміржол желісі құрылысының ашылуына қатысты.

2009 жылы 4 желтоқсан — Греция астанасы Афиныда ЕҚЫҰ Сыртқы іс­тер министрлері ұйымы кеңесінің 17-отырысын­­да Қазақстан Еуропалық қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудің тiзгiнiн ресми түрде қабылдап алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close