Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

2004 жылы қаңтар айында — Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Осы сапарда Астанада Қазақстан мен Ресей басшылары Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту туралы келісімге қол қойды;

2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды;

2004 жылы 18-22 қаңтарда — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары болды;

2004 жылы 28 қаңтар — Мемлекет басшысы Астанадағы резиденциясында Испания Корольдігінің ғылым және жаңа технологиялар министрі Хуан Коста Климетті қабылдады;

2004 жылы 30 қаңтар — Елбасы Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Чех Республикасының Вице-премьері-сыртқы істер министрі Цыил Свободаны қабылдады;

2004 жылы 5 ақпан — Президент Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің басшысы Джек Строны қабылдады;

2004 жылы 10- ақпан — ҚР Президенті Н. Назарбаев РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысын қабылдады;

2004 жылы 13 ақпан — ҚР Президенті Н. Назарбаев Франция сенаторы Эмери Монтескьюді қабылдады;

2004 жылы 1-2 наурыз — Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға ресми сапармен келді. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевтың президент ретінде Қазақстанға тұңғыш сапарының маңызына жоғары баға беріп өтті;

2004 жылы 2-5 наурыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары болып өтті;

2004 жылы 6 сәуір — Президент Н. Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының іс басындағы төрағасы — Болгария Республикасының сыртқы істер министрі Соломон Пассимен кездесті;

2004 жылы 16-17 сәуір — Өтпелі Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай Қазақстанға ресми сапармен келді;

2004 жылы 17 — 19 сәуір — ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары болды. Онда Мемлекет басшысы ГФР канцлері Герхард Шредермен ресми кездесу өткізді;

2004 жылы 20 сәуір — ҚР Президенті Н. Назарбаевтың РФ жұмыс сапары болып өтті. Қазақстен басшысы мен Ресей Президенті арасындағы кездесуде негізінен мемлекеттік шекараларды делимитациялауды анықтау мәселелері қозғалды;

2004 жылы 16-19 мамыр — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары болып өтті;

2004 жылы 21-23 мамыр — ҚР Президенті Испанияға жұмыс сапарымен барды;

2004 жылы 25-26 мамыр — Норвегия Корольдігінің Премьер-министрі Кьелла Магне Бондевиктің Қазақстанға ресми сапары болып өтті;

2004 жылы 28-29 мамыр — Астанада «Орталық Азия Ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы болып өтті, Оның барысында Орталық Азиядағы төрт мемлекеттің басшылары өңірдегі теледидар және радиохабарларын тарату туралы келісімге қол қойды;

2004 жылы 18-19 маусым — ҚР Президенті Ыстамбұлда өткен НАТО/СЕАП Солтүстікатлантикалық альянстың мүше мемлекеттерінің Саммитінің жұмысына қатысты;

2004 жылы маусым айында ‑ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттінде «Еуразиялық ықпалдастық: осы заманғы даму үрдістері және жаһандану сынақтары» деген тақырыпта халықаралық форум өтті:

2004 жылы 29 маусым — 1 шілде — ҚР Президентінің Татарстанға ресми сапары болды;

2004 жылы 1‑2 шілде ‑ Қазақстан Президентінің Башқұртстан Республикасына сапары болды; -2
2004 жылы 3 шілде — Қазақстан Президентінің РФ сапары болды;

2004 жылы 2 тамыз — ҚР Президенті АҚШ Орталық басшылық қолбасшысы генерал Джон Абизаидты қабылдады;

2004 жылы 13-19 тамыз — ҚР Президентінің Грекияға жұмыс сапары болып өтті. Оның шеңберінде Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты;

2004 жылы 26 тамыз — Елбасы Н. Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Супачай Паничпакдиді қабылдады;

2004 жылы 27 тамыз — Қазақстанға ресми сапармен Жапония мемлекетінің Сыртқы істер министрі И. Кавагучи келді. Сапар барысында екіжақты келіссөздерден басқа «Орталық Азия және Жапония» сұхбаты шеңберінде жапон үкіметі бастамашылық жасаған министрлер деңгейіндегі алғашқы кездесулері өткізілді;

2004 жылы 1-5 қыркүйек — Испания королі Хуан Карлос І Қазақстанға жұмыс сапарымен келді;

2004 жылы 8-10 қыркүйек — Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаус Қазақстанға ресми сапармен келді;

2004 жылы 9-11 қыркүйек — Қазақстан Президенті Австрия Республикасына ресми сапармен барды;

2004 жылы 15 қыркүйек — Астанада Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы болып өтті.

2004 жылы 16 қыркүйек — Мемлекет басшысы Астанада өткен ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысты;

2004 жылы 19-20 қыркүйек — Корея Республикасының президенті Но Му Хен Қазақстанға ресми сапармен келді;

2004 жылы 24-25 қыркүйек — ҚР Президенті ҚХР‑дың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапарымен барды;

2004 жылы 7-9 қазан — Латвия Республикасының Президенті Вайра Вике-Фрейберг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді;

2004 жылы 8 қазан -Президент Н. Назарбаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Фрадковпен кездесті;

2004 жылы 15 қазан — Башқұртстан Республикасының Президенті Мұртаза Рахимовтың Қазақстанға сапары болды;

2004 жылы 17-18 қазан — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен «Орталық Азия Ынтымақтастық» ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты;

2004 жылы 19 қазан — Елбасы Н. Назарбаев НАТО Бас хатшысы Яаап де Хооп Схефферді қабылдады;

2004 жылы 5-26 қазан — ҚР Президенті Швеция Корольдігіне ресми сапармен барды;

2004 жылы 27-28 қазан — Татарстан Президенті М. Шаймиевтың Қазақстанға ресми сапары болды;

2004 жылы 1 қараша — Елбасы Н. Назарбаев Азия Даму Банкінің Президенті Тадао Чинноны қабылдады;

2004 жылы 24 желтоқсанда ‑ Астанада еліміздің басты ғимараты — «Ақорда» атауына ие болған Президент резиденциясының ашылу салтанаты болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close