Тәуелсіздікке — 30 жыл

Тәуелсіздікке дейін президентті сайлап алдық

1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы кеңес Қазақ ССР президенті лауазымын бекітіп, сол күні осы қызметке Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Бұған дейін ол бір жылдан астам уақыт бойы Қазақ КСР Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев 98,78 процент дауысқа ие болды. Сайлау бюллетеніне «қарсымын» деген графа да енгізілді. Оны 107 мың адам белгілеп кеткен.
10 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-дың атауын «Қазақстан Республикасы» деп өзгерту туралы заңға қол қойды. Ал Жоғарғы кеңес оны Қазақстан Республикасының президенті ретінде бекітті. Тура алты күннен кейін 16 желтоқсанда елдің мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Араға бес ай салып, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы күштері құрылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close