#Жастар

ЖАСТАР ПІКІРСАЙЫСТА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Шымкент қалалық Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және «Тамақтандыру индустриясы және сервис » колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жұлдызды — 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәуелсіз Қазақстанның жастары — Ел болашағы» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу; Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту , Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.

Болашақ елдің жалынды жастары бұл додада өз ойларын тосырқамай ортаға салып, белсенді болды. Ойларының ұшқыр, армандарының асқақ екенін көрсете білді. Олар да тәуелсіз еліміздің өркендеп өсуіне өз үлестерін қосатынын баса айтты.

Пікірсайыста » Ұшқын» командасы жеңіске жетті. Қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close