#Жасыл қала

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында және көше бойындағы ағаш бұтақтарын санитарлық кесу, тазалау, суғару және көгалдандыру жұмыстары «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан тұрақты жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен көше қиылыстарындағы жол белгілерінің көріну аумағының жасыл желектерін қырқу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізіледі. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан әрқашан бағаланып, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде.
Шаһар тұрғындарын тазалық сақтауға, табиғатқа жанашырлық танытуға шақырамыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close