Без рубрики
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ МАҢҒЫСТАУ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Қазақстан өңірлерінде жалғасуда. Түркістан облысындағы алғашқы кездесулерден кейін партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Республикалық сайлауалды штаб Маңғыстау облысына барып, өңір тұрғындарымен кездесті.

Жұмыс сапары барысында Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарды таныстырды. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланып, халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кандидаттар Маңғыстау облысындағы бірқатар ірі өндіріс орындарын аралап, еңбек ұжымдарымен жүздесті. Кездесулер барысында жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту және өңірдің инфрақұрылымын жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер сөз болды.
Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындардың пікірін ескеріп, өңірлердің нақты қажеттіліктеріне негізделген шешімдерді ұсыну. Сайлауалды штабтың өңірлердегі кездесулері алдағы уақытта да жалғасады.



