Без рубрики
МАҢҒЫСТАУДА МАРИХУАНА САҚТАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ҮШ АДАМ ҰСТАЛДЫ
Маңғыстау облысында «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында марихуананы заңсыз сақтады деген күдікпен үш тұрғын ұсталды.

Полиция қызметкерлері есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Mercedes-Benz E200 автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында марихуана салынған екі полимерлі орама мен 2 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысының үш тұрғыны ұсталды. Медициналық куәландыру қорытындысы олардың барлығының марихуана қолданғанын растаған.
Сот шешімімен күдіктілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Ал тәркіленген автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.



