Без рубрики
ТОҚАЕВ ПЕН РАХМОН ҚАЗАҚ-ТӘЖІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, саяси диалогты, сауда-экономикалық байланыстарды, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асу барысын саралап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге, сондай-ақ алдағы көпжақты іс-шаралардың жоспарына тоқталды.



