Без рубрики
БАЛҚАШ ЖАҒАСЫНДА АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Алматы облысында Балқаш көлінің жағасында демалып жүрген адамдарға қауіп төндірген жүргізуші жауапқа тартылды.

Полиция мәліметінше, 40 жастағы ер адам көлігін жағалау аумағында және су ішінде демалып жүрген адамдардың арасында жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған.
Сот шешімімен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал оның Mercedes-Benz маркалы автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Құқық қорғау органдары демалыс орындарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға заң аясында қатаң шара қолданылатынын ескертті.



