Без рубрики
ТАНЫМАЛ КИНОРЕЖИССЕР АРДАҚ ӘМІРҚҰЛОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Белгілі кинорежиссер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Ардақ Жамансарыұлы саналы ғұмырын ұлттық кино өнерін дамытуға арнап, қазақ кинематографиясының қалыптасуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосты. Оның режиссерлік қолтаңбасы көрермендерге «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» секілді туындылар арқылы кеңінен танылды.
Режиссердің шығармалары ел тарихын, ұлттық рухани құндылықтарды және адам тағдырын терең әрі шынайы бейнелеуімен ерекшеленді. Оның еңбектері көрермендердің де, кино саласы мамандарының да жоғары бағасына ие болып, қазақ киносының алтын қорынан лайықты орын алды.
Ардақ Әмірқұловтың есімі мен шығармашылық мұрасы ұлттық кино тарихында мәңгі сақталады.



