Без рубрики

ШАЙДОРОВ 2030 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫНЫН РАСТАДЫ

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2030 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Спортшы әлеуметтік желідегі оқырмандарымен өткен сұхбат барысында келесі Олимпиадаға дайындық туралы қойылған сұраққа нақты жауап берді.

«Иә, әрине. Мен бар күш-жігерімді салып жаттығамын және осы мақсатқа толықтай ден қоямын», – деді Михаил Шайдоров.

Осылайша, қазақстандық спортшы алдағы төртжылдықтың басты додасына қатысуды көздеп, дайындықты жалғастыратынын растады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close