Қоғам

БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және “30 игі іс” қайырымдылық марафоны аясында, жыл сайынғы “Мектепке жол” Республикалық науқаны аясында “Nur Otan” партиясы Еңбекші аудандық филиалы “Жасұлан” Бастауыш Партия ұйымының төрағасы Тасмурзаев Абуали Шалдарбекұлы және төраға орынбасары Бексұлтан Тұрсынбекұлы басшылық ететін “Пайғамбардың көршілері” қайырымдылық қоры (@paigambardyn_korshileri_qory) бірлесе отырып Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп гимназиясы, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы, №46 мектеп-лицейі және №28 жалпы орта мектебінің әлеуметтік аз қамтылған оқушыларына мектепке қажетті мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім мен аяқ-киім, мектепке арқалайтын сөмке және т.б қажет заттары табыс етілді.

Аталған акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасылардың балаларына, Толыққанды отбасыдан шықпаған жартылай жетім қалған оқушыларымызға, жалпы тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.

Іс-шара барысында биылғы оқу жылында мектеп әкімшілігін құттықтап, білім алуға, мектепке баруға қажетті керек-жарақтар берілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close