Білім

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ВЕБИНАР

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектепте «Бастауыш сыныптарда оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» атты бастауыш сынып мұғалімдерімен аудандық педагогикалық-
әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Молжігіттің ұйымдастыруымен аудандық тәжірибелік вебинар өтті.

Вебинар заманауи тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын көрсетіп, мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылады.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Құмарбек мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары мен озық іс-тәжірибелерін бейнебаянмен таныстырды.

Атап айтсақ, 4-сыныпта
Г.Сахова математика пәнінен «Есептеудің және есептерді шығарудың тиімді тәсілдері», 3-сыныпта Л.Алтынбекова қазақ тілі пәнінен «Есептік және реттік сан есім» тақырыбында ашық сабақтар өткізсе, Г.Амандосова «Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі», А.Өтебаева «Сабақтарда әртүрлі ойын әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», А.Смак «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдығын арттырудың тиімді жолдары» сынды тақырыптарда баяндамалар оқылды. ​

Вебинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Молжігіт атқарылған жұмыстарды қорытындылап, вебинарға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close