#Денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ 28 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында бір тәулікте 28 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде белгілері бар 19, белгілері жоқ 9 жағдай. Індет жұқтырған 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 13 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1283 орын бар, төсек орын толымдығы 35%-ды құрайды, 826 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 457 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 249 төсек орын бар, 77 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 994 адам вакцина алды
(I компонент-381, II компонент-613). Егу науқаны басталғалы барлығы 529 746 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 430 960 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Сонымен бірге 03 тамыз күні мобильді топ 285 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, 12 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close