Саясат

ӘКІММЕН СУРЕТКЕ ТҮСПЕГЕН ДЕПУТАТ ӨКПЕЛЕП ҚАЛДЫ

Талғат Балтабаев Шымкент әкімінің есептік кездесуіне қатысқанын растайтын суреттері желіде жарияланбағанына шамданып қалғандай...

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс өзінің Facebook парақшасында: «Мұрат Әйтеновтың Шымкент қаласы тұрғындарымен есепті кездесулеріндегі эмоциялар… 27.04.22 (Берекенің суреттері сөйлесін) » деп жазба жариялаған. Осы посттың астына Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев пікір қалдырыпты. Ол өз сөзінде: «Әкімнің есепті кездесуіне мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ағамызды қоспағанда алты депутат қатыстық. Бірақ ешқайсымыз кадрға ілінбеппіз. Одан алдыңғы кездесулерде де солай болған. Мұның сыры неде? Депутаттар әр кездесуде өзіне бөліп берген сектор бойынша міндет алып, елге еңбек етіп жүр. Идеологиядағы оспадарсыз тірліктер осындай ұсақ-түйектен басталады» дейді.

Депутаттың пікіріне баспасөз хатшысы «Бұл жай суреттер. Суреттен идеология іздеп керек емес Талғат!» деп жауап қайтарыпты. Ал, өзге желі қолданушылары болса, халық қалаулысын «кәмпитке таласқан балаға» теңепті.

 

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close