Саясат

«42500»ХАЛЫҚТЫҢ АШУЫН ТУҒЫЗДЫ

42500-ДІ ҚАЙТАРМАСА,ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫ НЕ КҮТІП ТҰР?

Жұмыс істеп, жалақысы түсіп тұрса да, мұқтаж болмаса да, 42500-ді алып алған, адамдар бар. Ондайлардың саны 863 мың кісі екен.

Еңбек министрі «өтініштердің бәрін жіті тексеріп жатырмыз» деп араға 5-6 күн салып әлгі ақшаны үлестірді. Барлығы бір-бірінен сүйінші сұрағанымен, бұл ақша оларға тиесілі болмай шықты. «Өтінішті қадағалап,қарап жатырмыз» дегені бос сөз болғаны ма? Ақпараттық жүйе дамыған қоғамда қателесу мүмкін бе?

«Ұяттарыңызға қалдырдық»-деп, енді ұяты жоқтарды заңмен қудаламақ. Ашынған халықтың ашуына тиіп алмаса жарар еді-ау!

42500-ді Заңсыз алып алған болсаңыз ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСтің 190-шы БАБЫның 1 және 2-ші тармақтарымен жауапқа тартыласыз: Бірінші бап бойынша өзгенің мүлкін жымқырған және алдау мен сенімін пайдалану арқылы өзгенің мүлкіне ие болған адамдар 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді (шамамен 2 миллион 758 мың) немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

АЛ ОСЫ ЖАҒДАЙҒА ШЫНЫМЕН ХАЛЫҚ КІНӘЛІ МЕ,ӘЛДЕ БИЛІК ПЕ?

Абайсызда өтініш жіберген азаматтарға ақшаны мемлекетке қайтып берудің амалын да ұсынып отыр екен.

«Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»-ның шотына жібере алады:

БСН: 160440007161

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ67009SS00368609110

ТТК: 049

Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасынан қайтара алады»

«Ұятыңыз білсін»дегенше неге осы жағдайды ескертпеді екен деп, күйінесің де. Әлде төтенше жағдай кезінде қиналған халықты әбігерге салу ма?
Сонша адам билікте отырып, түсіндіруге біреуінің болса да ақылы жетпегені ме?
Соңында жауапты болатын да, ақшасыз қалатын да халық. Осыдан кейін «халық билікке сенбей қалуы мүмкін-ау»деген ойға келесің.

Түсініксіз тылсым дүние-ай….

Айгерім Айтаханова

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close