Саясат

“КИЛЛЕР ЖІБЕРЕСІЗ БЕ, МҰХИТ ОТАРШИЕВ МЫРЗА?”

Сарыағашта сын айтқандарды ату әдетке айналып кеткен бе? Аудан әкімі Мұхит Отаршиев қай ғасырда өмір сүріп жүр? Мәселені жұдырықпен немесе қару қолданып шешетін 90-шы жылдар артта қалды әкім мырза. Ояныңыз бұл Жаңа Қазақстан!

Шымкенттік журналист Нұрлан Әлімбаев Сарыағаштағы кәріз мәселесін көтеріп, желіде сериялы посттар жариялауда.

https://www.facebook.com/nubidin

Жазбаларына жүгінсек, шипажайымен аты әлемге мәшһүр ауданның қазіргі ахуалы мүшкіл. Себебі, санаторийлердің сасық суы Келес өзеніне құйылып жатыр. Оған әкімдер арасындағы мына хат дәлел.

Жылда кәріз жүйесін жаңғыртуға қазынадан қыруар қаржы алатын әкімдік өкілдерінен жауап алуға тырысқан тілші. Бірақ, жауапты маман “менде обед” деп алды-артына қарамай қашыпты.

Ал, шипажай қызметкерлері болса, аудан әкімдігінің өкілдері жеті жылдан бері “обед” ішуден қолдары босамай жүр дейді. Бір қызығы аудандағы шипажайлар тазалық пен қалдық суды тазалауға аудан бюджетіне ақша аударып отырады екен. Бірақ, өзгеріп жатқан ештеңе жоқ. Бұлай жалғаса берсе, Сарыағаштағы туризмнің тас-талқаны шығады дейді санаторий қызметкері.

Нұрлан Әлімбаевтың жазбаларынан кейін Мұхит Отаршиев осы салаға жауапты мамандарды жазалапты-мыс. Ал, жылы орнымен қош айтысқан қызметкерлер шындықты айтқан журналисті жау санап, өміріне қауіп төндірген көрінеді.

Алайда, жазба авторы киллер келсе де күресуге дайын екенін жеткізді. Құзырлы орындар істі қантөгіске жеткізбей шешеді деп сенейік. 

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close