САЙЛАУДАН ӨТУ ҮШІН ЕМЕС, ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҮШІН ЖАСАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
ҚР Парламенті мәжілісіне үміткер Темір Қырықбаевтың сайлауалды бағдарламасы.
Темір Базарбайұлы бірінші кезекте Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай аудандарын байланыстыратын 102 шақырым айналма жолдың құрылысына басты назар аудармақ. Аталған жол тар және қауіпті. Көліктер қарама-қарсы бағытқа шығып, арты қайғылы жағдаймен аяқталып жатыр.
Темір Базарбайұлы бұл мәселені басты назарда ұстап, жуық арада заманауи автобанның салынуына ықпал етпек.
ҚР Парламенті мәжілісіне үміткер Темір Базарбаев “Дарбаза-Мақтаарал” теміржолының құрылысына да мән бермек. Себебі теміржол тек ауданның емес, облыс пен республиканың экономикасына оң серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, ел әлеуетін көтеруге септігін тигізбек. Айта кетейік, “Дарбаза-Мақтарал” теміржолының құрылысы тікелей Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында болады.
Мәжіліс кандидаты Темір Қырықбаевтың келесі таңдаған бағыты шаруаларға қолайлы жағдай жасау. Әсіресе, жыл сайын қайталанатын су тапшылығына тосқауыл болу. Темір Базарбайұлы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты кезінде Мақтарал, Жетісай аудандарындағы каналдардың мәселесін көтерген еді. Атап айтар болсақ, Жетісай ауданындағы ең ірі каналдардың бірі К-30. Су Рессурстары комитеті 2019 жылы аталған каналдың құрылысына 6 млрд теңге бөлген. Бірақ мердігер қаралған қаржының 30 пайызын алып, қашып кеткен. Темір Базарбайұлы бұл мәселені республика деңгейінде көтеріп, шешуге барын салмақ.
Көктемгі су жетіспеушілігінен басталатын дау, күзде мақта қабылдау бекеттерінде ақшаның жоқтығымен аяқталады. Өткен жылы дәл осы мәселе республика көлемінде көтерілген еді. Ала жаздай тер төккен диқандар есіл еңбек дұрыс бағаланбай жатыр деп шу көтерген еді. Темір Базарбайұлы ашынған шаруалармен бірге мәселенің шешілуіне ықпал етті. Енді Парламентке барса, мақтаның бағасы мен қабылдау бекеттеріне қатысты жылсайынғы дауды түп-тамырымен жоюға жұмыс жасамақ.
Темір Қырықбаевтың сайлауалды бағдарламасының соңғысы білім саласына қатысты. Себебі Түркістан облысындағы мектептердің жайын жақсы біледі. Облыста депутат болған тұста ауыл ауылды аралап, үш ауысымды 53, апатты жағдайдағы 189 мектепті анықтады. Енді бастаған ісін мәжілісте аяқтауға әзір.
Темір Базарбайұлының бағдарламасы толық жүзеге асса, балалар сапалы біліммен қамтылып, шаруалар шаш етек мәселеден құтылып, жолаушылар заманауи жолмен жүретін болады. Жоспарын сөзбен емес, іспен жүзеге асыратын Жаңа Қазақстанның- Жаңа депутатын қолдайық.
Темір Қырықбаевқа дауыс бер!