ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынып жатыр.
Кешенде ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберханасын салу жоспарда бар.
Мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу.
Жаңа жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен басқосуда талқыланды. Қолөнершілер қалашығында жалпы аумағы – 9 мың шаршы метрге жуық.
Жаңа қалашықта сонымен қатар қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады. Түркістанда қолөнершілердің әлеуеті зор. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһардың орталғында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр. Бұл жоба әлі де терең талқыланып, тиісті шешім қабылданады.
КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ДАЙЫН ӨНДІРІС ОРЫНДАРДА КӘСІП БАСТАУҒА ДАЙЫН
Түркістан индустриалдық аймағында орналасқан өндірістік ғимараттар (браунфилд) құрылысы аяқталып, толықтай іске қосылды. Аталған өндірістік ғимараттарда жиһаз және шұлық цехтары жобалары іске асырылған. Инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. 30 гектар жерде орналасқан жалпы көлемі 66 мың ш.м. құрайтын аймақта 42 ғимарат орналасады. Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды. Қосымша 70 га жер телімі анықталып, ұлғайту жоспарлануда.
Маңызды мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрғалығымен өткен жиналыста талқыланды. Облыс әкімі кәсіпкерлердің қолжетімді алаңдардың арқасында бизнесін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алатын өндірістік парктерді құру жобасының маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейді тапсырды.
«Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаевтың баяндауынша, жұмсалған бюджеттік 1 теңгеге 7 теңге инвестиция тартылу күтілуде. Құрылыс 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңге тартылатын инвестиция көлемі – 31 млрд. теңге. 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар өндірістік парктер аумағында әкімшілік ғимаратын салу да жоспарда бар. Ғимаратта парк қатысушылары өндірген өнімдерінің көрме залы ұйымдастырылатын болады.
Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді.
Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алда тағы 32 ғимарат салынады. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд. теңгені құрайтын болады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 2000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Өндірістік парктің аумағында «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізіп жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорны жұмысын бастады. Сондай-ақ «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын шығарып жатыр. Мұнда, украиналық «UBC Group» компаниясы өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіреді. Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер, және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастауда. Кәсіпкерлер инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарда кәсіп бастауға дайын.
Өндірістік парктерді аудандарда салу жоспарланған. Атап айтқанда, Ордабасы ауданындағы Бадам индустриалды аймағында инфрақұрылым тартылған 12 ғимарат салынбақ. Сондай-ақ Шұбар ауылы маңында да салу жоспарда бар.
Сайрам ауданында өндірістік парк көлемі 90 гектардан аспақ.
МАҚСАТ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҒАНА ЕМЕС, МҰРАНЫ САҚТАП ҚАЛУ
Тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласына келетін саяхатшылар саны артып келеді. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынуда. Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатына құрылыс нысанына барды. Киелі шаһарда қолөнершілердің әлеуеті зор екенін тілге тиек еткен өңір басшысы мердігерге жұмысты ширатуды, сапалы әрі мерзімінде орындауды тапсырды.
Биыл Түркістан – түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Жыл ішінде облыс орталығында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өтетін ауқымды жобалар жоспарланып, жүзеге асуда.
Теңдессіз туристік кешеннің жалпы алаңы – 2,56 га. Қолөнершілер қалашығы – 25 архитектуралық нысаннан тұрады. Іргетастарды нығайту және бетондау жұмыстары, сондай-ақ монолитті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыстың 1 және 2 кезектері үшін ішкі әрлеу жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 50 жұмысшы, 5 арнайы техника жұмыс жасауда. Қолөнершілер қалашығының құрылыс жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Жаңа қалашықта ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберхана салудағы мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу.
Мұнда қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады. Ұлы Жібек жолының бойындағы киелі шаһардың орталығында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр.