ПОЛИЦИЯ «ҚАЙРАТ» – «ЛЕВСКИ» МАТЧЫ АЛДЫНДА ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Бүгін «Түркістан Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» пен «Левски» командалары кездеседі.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әсіресе адам көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Құқық қорғау органдары қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.
«Футбол матчын тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылық әрекеттерге жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз», – деді полиция өкілдері.
Тәртіп сақшылары спорттық шара барысында жанкүйерлердің қауіпсіздігі бірінші орында екенін атап өтті.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзған немесе қауіпсіздік талаптарын сақтамаған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылатынын еске салды.
Қоғамдық қауіпсіздік – баршаға ортақ міндет. Сондықтан жанкүйерлерді спорттық бәсекені мәдениетті түрде тамашалап, заң мен тәртіп талаптарын сақтауға шақырады.



