Без рубрики

КАСПИЙДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТОҚАЕВҚА ШЕТЕЛ ЛИДЕРЛЕРІ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысына, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына және Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтты.

Шетелдік әріптестерінің көңіл айтуына жауап берген Қасым-Жомарт Тоқаев қиын сәтте білдірілген қолдау мен жанашырлықтың маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге де Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін ауыр кезеңде Ресей басшылығы мен халқының қолдауы мен шынайы тілектестігін ерекше бағалайтынын айтты.

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close