Без рубрики

КАСПИЙДЕ ЖОҒАЛҒАН ЕКІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІНІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады.

Бүгін, 25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Олар – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлы.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге түсіп кеткен.

Нақты мәлімет бойынша, оқиға кезінде 17 әскери қызметші суға кеткен. Олардың 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды.

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында оқиға орны қаралып, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалды. Тергеу нәтижесінде қызметтік міндеттеріне салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close