Без рубрики
ТОҚАЕВ МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚАЗАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Президент қайғылы оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссияға жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты анықтау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді қамтамасыз етуді жүктеді.
Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы барысында болған. Оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан бірқатар әскери қызметшіні теңіз алып кеткен.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Премьер-министрдің өкімімен оқиғаның себептерін анықтау жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.



