Без рубрики

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ 20 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛЫП, 7 ЖЫЛҒА КӨЛІК ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Астанада сот боксшы Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік істі қарады. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі («мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себеп болу») бойынша шешім шығарылды.

Сот мәліметінше, Данияр Елеусінов алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп, елорда аумағында бірнеше жол-көлік оқиғасына себеп болған.

Іс материалдарына сәйкес, ол жерасты автотұрағының қақпасына соғылған. Кейін бір көлікпен соқтығысып, соққының әсерінен тағы бір автокөлікке зақым келтірген. Сондай-ақ Kia Sportage көлігімен соқтығысып, оның Toyota Hilux автокөлігіне барып соғылғаны анықталған.

Жол апаттары салдарынан көліктерге механикалық зақым келіп, материалдық шығын болған. Медициналық куәландыру нәтижесінде спортшының жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны расталған.

Сот қаулысымен Данияр Елеусінов 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close