Без рубрики

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫНЫ 110 000 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

Елімізде ең төменгі жалақыны қазіргі 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеру ұсынылды.

Бұл бастама Мәжілістің «Әлеуметтік-мәдени даму» комитетінің қорытындысында айтылды. Ұсынысқа сәйкес, толық ай жұмыс істейтін қызметкерге ең төменгі жалақы ретінде осы сома белгіленуі тиіс.

Алайда, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл ұсынысқа қатысты түсініктеме беріп, ең төменгі жалақыны жақын уақытта көтеру жоспарда жоқ екенін айтты. Министрдің сөзінше, «мен өзім ол ақшаға өмір сүре алмас едім, бірақ бұл көрсеткіш есептік мән ретінде қаралады, яғни одан төмен жалақы төленбеуі тиіс дегенді білдіреді» деді ол.

Серік Жұманғариннің айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мәселесі тек экономикалық жағдай тұрақтанған кезде қаралуы мүмкін. Себебі мұндай өзгеріс кәсіпкерлер мен мемлекетке қосымша қаржылық жүктеме түсіреді. Сондықтан қазіргі таңда бұл бағытта нақты шешім қабылданбаған.

Айта кетейік, ең төменгі жалақы — қызметкердің бір айлық еңбегі үшін алатын ең аз сомасы. Егер бұл мөлшер 110 000 теңгеге көтерілсе, төмен жалақы алатын қызметкерлердің табысына оң әсер етуі мүмкін. Бірақ 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі жалақыны өсіруге арнайы қаржы әзірге қарастырылмаған.

Министрліктің мәліметінше, бұл мәселе алдағы уақытта экономикалық өсім мен бюджет мүмкіндігіне қарай қайта қаралуы мүмкін. Қазіргі мақсат — экономикалық тұрақтылықты сақтау және инфляция деңгейін бақылауда ұстау.

Осылайша, ең төменгі жалақыны 110 000 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс әзірге тек бастама күйінде қалып отыр. Министрлік оның жүзеге асуы болашақта мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close