Без рубрики

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ — ШҰҒЫЛА ӨМІРБЕКТІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін түнде әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек елге оралып, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған бір топ спорт жанашырлары салтанатты түрде ықыласпен қарсы алды.

Жерлесіміз Шұғыла Өмірбек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен күрестен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп, әйелдер күресі тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Бұл – еліміз бен қаламыздың спорт тарихындағы айрықша жетістік.

Шұғыла өзінің табандылығы мен еңбегінің арқасында әлемнің үздік спортшыларын жеңіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл жеңісті «тарихи жетістік» деп атап, ел намысын қорғаған жас чемпиондарға зор сенім білдірген болатын.

Қала әкімі өз сөзінде Шұғыланың жеңісі барша түркістандықтардың және қазақстандықтардың ортақ қуанышы екенін атап өтті:

«Туған жерден түлеп ұшқан әрбір тұлға – елінің айнасы. Бүгін сол айнада Түркістанның нұры, қазақтың рухы жарқырап тұр. Бұл жеңіс жастарға шабыт, ұлтқа қуаныш сыйлады. Біз Шұғыламен мақтанамыз. Алдағы уақытта да Олимпиада төрінде туымызды желбіретіп, ел намысын асқақтататыныңа сенеміз!», – деді қала басшысы.

Салтанатты іс-шарада чемпионның бапкерлеріне, ата-анасына және командасына алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.

Шұғыланың бұл жеңісі – тек спорттағы емес, рух пен сенімнің, еңбектің және отансүйгіштіктің жеңісі. Түркістан жұртшылығы чемпион қыздың болашақта Олимпиада аренасында да ел туын биікте желбірететініне зор сенім білдіреді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close